Тематический план
- «Қазақ тілі» (ауызекі қарым-қатынас жасау үшін)
«Қазақ тілі» (ауызекі қарым-қатынас жасау үшін)
Курстың авторлары «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының оқытушылары:
1. Калыбекова Каламкас Сагиндыковна, филология ғылымдарының кандидаты, доцент;
2. Нуржанова Карлыгаш Канагатовна, педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы;
3. Хамзина Карлыгаш Мауеновна, филология ғылымдарының кандидаты, доцент;
«Қазақ тілі» (ауызекі қарым-қатынас жасау үшін) курсы «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ Күміс университетінің білім беру бағдарламаларының тізіміне енген. Қазақ тілінде сөйлеуге қажетті сөз тіркестерін қолдануға машықтандыру және күнделікті өмірде қз ойын толық жеткізе білуге бағытталған. Қазақ тілінде ауызекі сөйлеу дағдасын қалыптастырады. Күнделікті өмірде жиі қолданылатын тұрақты сөз тіркестері мен сөздерді меңгеруді басшылыққа алады. Сұрақ қою, жауап беру, пікірін айту, келісу/келіспеу сияқты коммуникациялық әрекеттерді үйретеді. Тілдік кедергіні жеңуге мүмкіндік береді.
Курсты меңгеру қорытындысы бойынша білім алушылар келесі оқу нәтижелеріне ие болады:
1) жаңа сөздерді игеру;
2) жаңа сөздермен сөз тіркесін және сөйлем құрастырыра білу;
3) бейне материалдардағы тапсырмаларды орындау;
4) бейнематериалдағы мәтіннің жеке құрылымдық элементтерін сипаттау;
5) ниетті білдіру үшін сөйлеу құралдарын дұрыс таңдау және қолдану;
6) диалогтар мен рөлдік ойындар арқылы тілдік орта жасау;
7) тыңдалым мен айтылымды дамыту;
8) қарапайым сөйлемдермен сөйлеу арқылы сенімділікті арттыру.
Курс төмендегі құрылымдық элементтерден тұрады:
-Басты бет;
-Курс авторлары жайлы мәлімет;
-Курс жайлы;
- Жазылым. Тақырыптарға қатысты жаңа сөздерді жаттаңыз, тапсырмаларды дәптерге орындау;
- Оқылым. Мәтінді оқып үйрену;
- Бейне фильмді көру. Тапсырмаларды дәптерге жазу.
- 1-МОДУЛЬ. «СӘЛЕМДЕСУ, ТАНЫСУ, ҚОШТАСУ» . ГРАММАТИКА
- 2-МОДУЛЬ. «ОТБАСЫ, ДОСТАР». ГРАММАТИКА
- 3-МОДУЛЬ. «КҮНДЕЛІКТІ ӨМІР» (ДҮКЕНДЕ, АСХАНАДА, АУА-РАЙЫ, УНИВЕРСИТЕТТЕ). ГРАММАТИКА
- 4-МОДУЛЬ. «УАҚЫТ, КҮНТӘРТІБІ». ГРАММАТИКА
- 5-МОДУЛЬ. «ҚОРШАҒАН ОРТА» (ТАБИҒАТ АЯСЫНДА, ДЕМАЛЫС ЖӘНЕ Т.Б.). ГРАММАТИКА
- ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР