Тематический план
- Общее
Общее
Курстың авторы «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының аға оқытушысы:
1. Нуржанова Карлыгаш Канагатовна, педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.
«Қазақ тілі» орташа деңгей (В1), 2-семестрге арналған, ЖОО бакалавр білім беру бағдарламасына сай. Мазмұны студенттердің әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған. Меңгеру қорытындысы бойынша студенттер келесі оқу нәтижелеріне ие болады:
1) мәтіндегі ақпаратты толық түсіну;
2) әлеуметтік-мәдени, қоғамдық-саяси салалардағы қарым-қатынас мәтіндерінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін түсіну;
3) мәтіннің нақты мазмұнын беру, олардың тұжырымдамалық ақпаратын қалыптастыру;
4) мәтіннің жеке құрылымдық элементтерін сипаттау;
5) ниетті білдіру үшін сөйлеу құралдарын дұрыс таңдау және қолдану;
6) қарым-қатынас жағдайына сәйкес ақпаратты сұрауға және хабарлауға, қатысушылардың әрекетін бағалауға, ақпаратты таным мен қарым-қатынас жағдайында адамға әсер ету құралы ретінде пайдалану;
7) тілдің, мәдениеттің, қарым-қатынас саласының ерекшеліктеріне сәйкес тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жағдайында құзыреттілігін көрсету;
8) пікірталаста этикалық, мәдени, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талқылауға, өз көзқарасын білдіруге, оны дәлелдермен қорғауға, әңгімелесушілердің көзқарасын сыни тұрғыдан бағалау;
9) өзінің жеке ниеті мен қажеттіліктерін (күнделікті, тәрбиелік, әлеуметтік, мәдени, кәсіптік-бағдарлы) жүзеге асыру мақсатында қарым-қатынастың әртүрлі салаларындағы жағдайларға қатыса білу, оларды этикалық тұрғыдан дұрыс, мағыналы, лексико-грамматикалық және жеткілікті прагматикалық деп жариялау.
Курс төмендегі құрылымдық элементтерден тұрады:
-Басты бет;
-Курс авторлары жайлы мәлімет;
-Курс жайлы;
- Жазылым. Тақырыптарға қатысты жаңа сөздерді жаттаңыз, тапсырмаларды дәптерге орындау;
- Оқылым. Мәтінді оқып үйрену;
- Бейне фильмді көру. Тапсырмаларды дәптерге жазу.
- Сөздер мен сөз тіркестерінің сөйлемдерде қолданылуы;
- Орысша-қазақша тілашар;
- Тақырыптарға қатысты сөздер;
- 1-МОДУЛЬ. Лексикалық тақырып: «Әулет – ағайын-туысқан әлемі». Грамматика.
- 2-МОДУЛЬ. Лексикалық тақырып: «Жеке тұлғаның дамуы». Грамматика.
- 3-МОДУЛЬ. Лексикалық тақырып: «Табыс кілті – еңбекте». Грамматика.
- 4-МОДУЛЬ.Лексикалық тақырып: «Бос уақыт және саяхат». Грамматика.
- 5-МОДУЛЬ. Лексикалық тақырып: «Жаңалықтар». Грамматика.
- ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР