ГЛОССАРИЙ


Қоғам – мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы.

Жастар –  еліміздің өсіп келе жатқан ұрпақтары және қоғамның болашағы.

Міндет – Әркімнің атқаруға тиісті өз ісі, өз қызметі.

Бағыт – Белгілі бір бағыт, бағдар, беталыс . Поэзия әлеміне кеше келгендерімен, өздерінің ұстаған принципі бар, бағыт-бағдары бар.

Жұмыс – Жеке адамның не көпшіліктің белгілі мақсатта еткен еңбегі, әрекеті.

Талант –  (грек, talanton — бастапқыда салмақ, өлшем, кейіннен ауыспалы мағынада — қабілеттер деңгейі) — қабілеттердің ең алдымен, арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі. 

Сыйластық – бұл жетілген және өзара байытылатын тұлғааралық қатынастар арқылы дамитын қатынас. Қазақ халқында ежелден қалыптасқан, қанға сіңген қасиет.

Тәсіл – Белгілі бір істі орындап шығу үшін қолданылатын әдіс, амал, айла. Осының бәрі қолынан келмеген күйде елге бағынып, билердің айтқанын істеп отыратын еді.

Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.

Азаматтық – тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы. 

Әлеумет – қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде жамағат, қауым, жұртшылық мағынасында қолданылған ұғым.

Қалыптасу – әрбір тұлға қоғамда белгілі бір орынды иеленеді және нақты міндеттерді атқарады, соған сәйкес оның құқықтары мен міндеттері, яғни, белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады.

Мемлекет – еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. 

Табиғат – органикалық (тірі) және органикалық емес (өлі) дүниелері бар бүкіл әлем.

Жақсылық пен жамандық – жеке адамдар мен әр түрлі топтардың іс-әрекеттеріне, әлеуметтік құбылыстар мен қатынастарға адамгершілік тұрғысынан берілетін этикалық баға.

Қиындық – өмірде кездесетін келеңсіз, жайсыз, жағымсыз кездер.

Періште – күнәдан пәк Алланың ардақты жаратылыстары. Олардың көп болғаны соншалық, жалпы саны тек бір Аллаға ғана мәлім. 

Тәуелді – бір нәрсеге немесе біреуге бағынышты, яғни өз еркі өзінде емес.

Уақыт – жанды, жансыз заттардың бәрінің ғұмырын өлшеп, ескіртіп, тоздырып, соңында жойып отыратын әлемнің әміршісі. 

Тұлға – белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект.

Діңгек –  парсы тіліндегі мағыналары «жуан ағаш», «бағана, тіреу». Қазақ тілінде «арқа сүйер, сүйеніш» деген ауыспалы мағынада да қолданылады.

Әулет –  атадан балаға мұра ретінде қалдырып, әулеттен әулетке мұра ретінде кәсіп пен салт-дәстүрлерді сақтап, еңбектеніп отырған топтарды айтуға болады.

Үлес –  (inputs) – процестерді тудыратын тұлға, топтық құрылым және ұйымдық мәдениет сияқты айнымалылар.

Өнеркәсіп – халық шаруашылығының шикізатты өңдейтін және одан жаңа бұйымдар жасайтын саласы; кәсіпорын. Өскеменнің өзіндік ерекшеліктерін де, өскелең өмірінің жедел қарқынын да анықтайтын ең бірінші байлығы.

Өнертабыс –  қолданыста жоқ жаңашыл тауар, көрсетілетін қызмет немесе процесті ойлап табуды білдіретін инновация түрі.

Мүмкіндік – бір істің іске асуына туғызылған қолайлы жағдай.

Бұқаралық – Бұқараға тән, бұқараға қатысты. Бұл - халықтың өз қолымен жазылған, нағыз бұқаралық, халықтық Конституция (Ж.Исмағұлов, Адам.). Олардың бәрі де ешкімді артық-кем дәрежеге қоймайтын, таптық та.

Артықшылық – басымдық, айырмашылық.

Жетекші – белгілі бір ұйымның басшысы . 

 

 

 



Обзор глоссария по алфавиту

Специальные | А | Б | В | Г | Д | Е | Ё | Ж | З | И | К | Л | М | Н | О | П | Р | С | Т | У | Ф | Х | Ц | Ч | Ш | Щ | Э | Ю | Я | Все
В этом разделе не найдено ни одной записи