Тематический план
- Общее
Общее
Жалпы білім беру пәндер цикліне кіретін «Қазақ тілі В2 деңгейі» пәні бойынша курс.
Авторы: Ныгметова Н.Т. ф.ғ.к.,
Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының доцент м.а.
«Қазақ тілі» онлайн курсына қош келдіңіздер!
Сіздің біздің қатарымызға қосылғаныңызға қуаныштымыз.
Курс аясында сіз төрт негізгі тілдік дағдыларды: (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) жетілдіресіз.
Берілген тапсырмаларды орындау арқылы өз көзқарасыңызды жеткізе білу қабілетіңізді дамытасыз,
Сөздік қорыңызды байытасыз.
Оқуда табыс тілейміз!
Қайырлы күн, құрметті тыңдаушылар!
Қазақ тілінің В2 ортадан жоғары деңгейін оқу барысында сіз төрт негізгі тілдік дағдыларды жетілдіресіз: (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым). Аудио материалдардың тақырыптары сабақтың тақырыбына сәйкес келеді және оқу кезеңінде қазақ тілінің грамматикалық ережелерімен танысасыз.
ПӘННІҢ МАҚСАТЫ:
Білімділік:
- тілдік тұрғыда алған білімдерін нығайту;
- тапсырмаларды орындау арқылы тілдік қатысымды жетілдіру;
- білімді меңгеру барысында алынған мәліметтерді жинақтау;
- қазақ тілін оқып үйрету барысында олардың коммуникативтік білік, дағдыларын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.
Дамытушылық:
- оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым тілдік дағдыларын дамыту;
- өз көзқарастарын нақты және нақты жеткізе білу қабілетін дамыту;
- танымдық қызығушылық пен шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- жаңа білім алуда ойлауды, бастаманы, дербестікті дамыту;
- ақпараттық жазбаларды оқу және жүргізу;
- тілдік талдау,сөздік қорларын арттыру.
САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
- қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігін; орфография және орфоэпия ережелерін; лексика: сөзжасамын үйрете отырып,білім жүйесін меңгерту;
- тілдік жүйе мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы; дайын күйіндегі өнер мен мәдениет мәселелеріне байланысты сөйлесім мен қатысымды, күнделікті тұрмыстық сөйлеу жағдаяттарында әңгімені; белгілі бір тақырып бойынша қысқа, аса қиын емес эссе, орта көлемді және көлемді мәтіндерді жатық әрі шапшаң оқу дағдыларын игерту;
- өмірден алынған, күнделікті өмірдегі фактіге құрылған қарапайым хабарламаларды түсіндіруге қажетті мәліметтерді анықтау;
- коммуникативтік, лингвистикалық, әлеуметтік тілдік, дискурстық (монолог, диалог, полилог түрінде (хабарлама, таныстырылым (презентация), баяндама, дискуссия және т.б.) әңгімелеу ерекшеліктерін тереңдету;
- лингвомәдени, әлеуметтік-мәдени, когнитивтік, қатысымдық, кәсіби бағдар деңгейінде практикалық машықтарын және теориялық негіздерін үйрету.
Күтілетін нәтиже:
- тілдік әрекеттер (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) арқылы тақырыпты түсінгенін көрсете алады;
- ауызекі сөйлеу тілінде қазақ тіліндегі хабарлама, сұрақ-жауап, сұхбат кез келген тақырып аясында түсінігін анық жеткізеді;
- қазақ тіліндегі тіркес түрлерін сөйлем құрастыруда таңдайды;
- қазақ тілінің рөлі мен орны туралы, қазақ тіліндегі негізгі сөйлем заңдылықтарын меңгереді;
- тыңдалым бойынша түсіндірмелі сипаттағы монолог, диалог түрінде берілген мәтіндегі негізгі ақпаратты түсінеді;
- оқылым әрекетінде мәтіннің негізгі идеясын түсініп, оның ішінен өзіне қажетті ақпаратты алады;
- жазылым әрекетінде берілген мәтіннің мазмұнын оқыған, естіген материалдарымен өз бетінше толықтырады;
- айтылым әрекетінде берілген мәтін бойынша 500-700 сөз аясында әңгіме, баяндама, сұхбат құрады.
Біліктілік талаптары:
Тыңдаушы сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз пікірін ортаға салуға қажетті дағдыларды меңгеруі тиіс.
Оқытуда қолданылатын технологиялар:
1. Сұрақ - жауап
2. Oй бөлісу
3. Сын тұрғысынан ойлау
4. Ассоциограмма
5. Жағдаяттық тапсырма
Курстың тыңдаушысы арнаулы орта және жоғары оқу орындарының білім алушылары болып табылады.
Ұсынылған бағдарлама он бес тақырыпты қамтиды:
1. Атаның емес, адамның баласы бол. Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші модельдерді білу, меңгеру.
2. Отбасы ынтымақтастығы. Өтініш, тілек, сұрау мәнді сөйлем.
3. Қазақстандағы білім беру жүйесі. Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтар.
4. Заман және заң. Субстантивтенген сөздерге ілік септігінің жалғануы.
5. Дені саудың – жаны сау. Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші модельдерді меңгеру.
6. Су – тіршілік көзі. Салыстыру, күшейту мағынасының берілуі.
7. Табиғатқа қатысты халық болжамдары. Мөлшерді, көлемді, болжауды білдіретін тіркестердің қолданысы.
8. Елімнің тарихи және мәдени мұралары. Атаулы сөйлемдер. Тілек, ниет мәнді сөйлемдердің берілуі. Біріккен сөздер.
9. Қандай көркем – туған өлкем. Күрделі атаулардың тәуелденуі, жіктелуі, септелуі.
10. Сәулет өнерінің шыңы. Көп мағыналы сөздер. Синонимдік қатар. Жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер.
11. Қолөнер – өшпес мұра, көркем әлем. Сын есімнің шырайлары. Құранды етістіктер.
12. Қазақтың уақыт өлшемдері. Мезгіл мәнді сөйлемнің берілуі.
13. Адам ақылымен көрікті. Сапалық және қатыстық сын есімдердің сөйлемдегі қызметі.
14. Талғам мен талап. Ілік септік жалғауының түсіріліп берілуі.
15. Ауыз әдебиеті – классикалық жанр. Бейнелеуіш еліктеуіштер.
Бұл пәнді оқу үшін тыңдаушы «Қазақ тілінің В 1 деңгейі» пәнін меңгеруі тиіс. «Қазақ тілі В2 деңгейі» пәні пәнін оқытуда алынған білім «Кәсіби қазақ тілі» пәнін игеруде қолданылады.
Оқуда сәттілік тілейміз!
- 1 Модуль
- 2 Модуль
- 3 Модуль
- 4 Модуль
- 5 Модуль
- 6 Модуль
- Тема 7