Пән сипаттамасы:  «Электронды техника негіздері» пәні  6В07101 «Автоматтандыру және басқару» (техникалық және кәсіптік білім алушылары үшін) модульдік білім беру бағдарламасының базалық  пәндер циклына енеді.

 Пәннің мақсаты: «Электронды техника негіздері» пәні өндірістік процестерді автоматтандыру құрылғыларын құру үшін цифрлық және аналогты электрондық сұлбаларды қолдану бағыттары мен пайдалану параметрлері, сипаттамалары, жұмыс принциптерін меңгеру мақсатын алға қояды.

 Пән міндеттері: Осы пәнді оқу нәтижесінде студенттер  төмендегіге міндетті:  қазіргі заманғы электрондық компоненттер және олардың мүмкіндіктерін білу;  заманауи цифрлық және аналогтық схемалардың әрекет ету принципін ұсыну;  технологиялық бақылау мен басқарудың типтік құралдарын іске асыруда сандық және аналогтық техниканы таңдау;  жартылай өткізгіш аспаптардың құрылымын, ерекшеліктері мен негізгі параметрлерімен қолдану білу, әзірлеу;  цифрлық және аналогтық техника базасында технологиялық процестерді автоматтандырудың негізгі компоненттерінің құрамы мен мақсаттарын есте сақтау, құрастыру; электронды схемаларды автоматты модельдеу және жобалау әдістері мен құралдарын пайдалану;  өнеркәсіптік элекронды құрылғыларды дұрыс пайдалану және қызмет көрсете білу, жаңа электронды құралдарды әзірлеуге техникалық тапсырмаларды сауатты құрастыру; цифрлық және аналогтық техника базасында технологиялық басқару жүйесінің электрондық тораптарын жобалау;  типтік электрондық аппаратураның қарапайым сызбаларын оқу және түсіну; схемадағы элементтердің жұмыс шарттарына сәйкес анықтамалық ақпарат бойынша қажетті элементтерді таңдау; электронды жүйелерді пайдалану АБЖ ТП; электрондық схемаларда физикалық құбылыстарды зерттеу және талдау; электронды аппаратурамен және коннекторлы-өлшеу аспаптарымен жұмыс жүргізу;  оқу аудиториялары мен зертханаларында жабдықтармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау;  арнайы, анықтамалық және әдістемелік әдебиеттерді таңдау және қолдану.