Настройка зачисления на курс
Пән сипаттамасы: «Электронды техника негіздері» пәні 6В07101 «Автоматтандыру және басқару» (техникалық және кәсіптік білім алушылары үшін) модульдік білім беру бағдарламасының базалық пәндер циклына енеді.
Пәннің мақсаты: «Электронды техника негіздері» пәні өндірістік процестерді автоматтандыру құрылғыларын құру үшін цифрлық және аналогты электрондық сұлбаларды қолдану бағыттары мен пайдалану параметрлері, сипаттамалары, жұмыс принциптерін меңгеру мақсатын алға қояды.
Пән міндеттері: Осы пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегіге міндетті: қазіргі заманғы электрондық компоненттер және олардың мүмкіндіктерін білу; заманауи цифрлық және аналогтық схемалардың әрекет ету принципін ұсыну; технологиялық бақылау мен басқарудың типтік құралдарын іске асыруда сандық және аналогтық техниканы таңдау; жартылай өткізгіш аспаптардың құрылымын, ерекшеліктері мен негізгі параметрлерімен қолдану білу, әзірлеу; цифрлық және аналогтық техника базасында технологиялық процестерді автоматтандырудың негізгі компоненттерінің құрамы мен мақсаттарын есте сақтау, құрастыру; электронды схемаларды автоматты модельдеу және жобалау әдістері мен құралдарын пайдалану; өнеркәсіптік элекронды құрылғыларды дұрыс пайдалану және қызмет көрсете білу, жаңа электронды құралдарды әзірлеуге техникалық тапсырмаларды сауатты құрастыру; цифрлық және аналогтық техника базасында технологиялық басқару жүйесінің электрондық тораптарын жобалау; типтік электрондық аппаратураның қарапайым сызбаларын оқу және түсіну; схемадағы элементтердің жұмыс шарттарына сәйкес анықтамалық ақпарат бойынша қажетті элементтерді таңдау; электронды жүйелерді пайдалану АБЖ ТП; электрондық схемаларда физикалық құбылыстарды зерттеу және талдау; электронды аппаратурамен және коннекторлы-өлшеу аспаптарымен жұмыс жүргізу; оқу аудиториялары мен зертханаларында жабдықтармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау; арнайы, анықтамалық және әдістемелік әдебиеттерді таңдау және қолдану.
- Разработчик: Каршыга Смагулова