Настройка зачисления на курс


 «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» 

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Жол-көлік факультеті

Сәлеметсіздер ме, Құрметті курс тыңдаушылары!

«Қазақ тілі (кәсіби)» пәні бойынша магистратура білім беру бағдарламасына арналған онлайн курсына қош келдіңіздер! 

Магистранттарға арналған «Қазақ тілі (кәсіби)» білім беру бағдарламасы бойынша (МООК) жаппай ашық онлайн курсын ұсынамыз.

Курс авторлары туралы ақпарат:

Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының доцент м.а., ф.ғ.к., Аширбекова А.Б.,

Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі, доцент, ф.ғ.к., Хамзина Қ.М.,

Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м., Нұржанова Қ.Қ.

Курс жайлы қысқаша ақпарат

Пәнді оқытудың мақсаты: «Қазақ тілі (кәсіби)» пәні магистранттарға мамандық бойынша ақпараттық-танымдық мәтіндер негізіндегі лексикалық және грамматикалық бірліктерді меңгертеді, тілдік дағдыларды жетілдіреді.

Пәннің міндеттері:

- мамандық саласы бойынша жиі кездесетін лексиканы, ғылыми терминдерді, күрделі синтаксистік құрылымдарды сөйлеу тілінде қолдануға үйрету;
- нақты мамандығы бойынша мәтіндерді, нұсқау қағаздарды оқып түсінуге үйрету;
- радио, теледидардан берілген немесе біреудің баяндаған мәліметін тыңдап түсіну машығын қалыптастыру;
- кәсіби бағдарлы құжаттарды, хабарламаларды сауатты, дұрыс жазып, аудару қабілетін қалыптастыру;
- мамандығы бойынша ауызша, жазбаша түрде берілген ақпараттарды түсіну дағдысын қалыптастыру;
- ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдеби стиль, публицистикалық, ғылыми стильдердің, сондай-ақ кәсіби тілдің қолдану аясын ажырата білуге үйрету;
- мамандығы бойынша ғылыми мақала, баяндама жазуға және ғылыми еңбектерге пікір беруге машықтандыру;
- кәсіби сөйлеу жағдаяттарында мамандығы туралы өз ойын еркін айту, пікір алмасу, әңгімені қолдау т.б. дағдыларын қалыптастыру.
«Қазақ тілі (Кәсіби)» сабағындағы лексикалық, морфологиялық және синтаксистік тақырыптардың негізінде магистранттар жаттығу жұмыстарын, тапсырмаларын орындайды.

Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар меңгеруге міндетті:
-Кәсіби есептерді шешу үшін когнитивті лингвомәдени кешенді меңгереді;
-Қарым-қатынастың қоғамдық, кәсіби және ғылыми салаларында өзінің вербалды және вербалды емес мінез-құлқын қалыптастырады;
-Әлеуметтік факторлар мен кәсіби сипаттағы жағдайларға түрлі тілдік оралымдарын және сөйлеу құралдарын қолданады;
-Лексико-терминологиялық, грамматикалық ережеге сүйене отырып, кәсіби коммуникативтік сөз қолданыстарын тиімді пайдалану;
-Іскерлік, ақпараттық және кәсіби сипаттағы қарым-қатынас тілін меңгереді;

-Кәсіби коммуникация тілін өз саласында логикалық бірізділікке ыңғайлап қолдану.

Курстың негізгі құрылымы:

- Басты бет;

- Курс туралы проморолик;

Курс жайлы қысқаша ақпарат;

- Кәсіби мәтінмен жұмыс;

Презентация;

- Бейне материал;

- Қосымша тапсырмалар

Тест тапсырмалары;

Глоссарий;

Әдебиеттер тізімінен тұрады.

 Сіздерге сәттілік тілейміз!


Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.