Глоссарий


Глоссарий 

Аннотация аңдатпа (лат. annotatіo - ескерту, аңдату) – кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау.

Афазия – (көне грекше:  - теріс бөлшек, және φάσις - көрініс, мәлімдеме) — адамның сөйлеу қабілетінен жартылай не біржола айырылуы. Мұндай кемістік мидағы сөйлесу орталықтары мен қан тамырларының ісініп, бас сүйегінің зақымдалу салдарынан болады.

Дисфазия – cөйлеу тілін шығару және түсіну қабілетіңізге әсер ететін жағдай. тілдің бұзылуы. Бұл мидың ойларды ауызекі сөйлеу тіліне айналдыруға жауапты аймақтары зақымдалған және дұрыс жұмыс істей алмайтын кезде пайда болады. Демек, дисфазиясы бар адамдар көбінесе ауызша қарым-қатынаста қиындықтарға тап болады.

Детерминологизация терминнің жалпы қолданылатын лексикаға ауысуы) және терминдену жалпы қолданылатын сөздің терминге ауысуы, мысалы, «жалғау – окончание») .

Публицистикалық стиль газет-журналда, жиналыстар мен митингілердегі сөздерде қолданылады.

Рецензия – ағылш. Review – журналистика, сонымен қатар ғылыми және көркем өнер сынының (критика) жанры. Рецензия жаңа туынды туралы мағлұмат бере отырып, оның қысқаша талдамасын және бағасын қамтиды.

Стиль – сөйлеушінің, жазушының белгілі бір тақырыпқа қатысты сөз айтуы. Стиль түрлері: ауызекі тіл, публицистикалық, ресми-іскерлік, өндірістік-техникалық, көркем әдебиет және ғылыми.

Термин – terminus - ғылым, техника, өнер туралы және т.б. кейбір тұжырымдаманың атауы болатын сөз немесе сөз тіркесі. Әдетте тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық шегі айқын болмай, жылжымалы 6олады.

Тезис бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің басты ерекшелігі ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс. Негізгі тезистер дерек көзінің мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар.

Этика – (грек тіл. ethika-әдет-ғұрып, адамгершілік туралы ілім. «Этика» термині алғаш рет Аристотель қолданды. (б.з.д. 384-322). Ол дұрыс, адамгершілік әрекеттер жасау үшін не істеуіміз керек деген сұраққа жауап беруге тырысты. Сөйлеу әдебіне әзірленген сөйлеу тәртібінің ережелері мен қарым-қатынастың сөйлеу формулалары жатады.

Экспрессивтік экспрессия адамның сөйлеу кезінде ғана емес, сонымен бірге ым, дене, бет қимылдары, жұмыс кезіндегі адамның барлық мінезінде пайда болады. Тілде экспрессивті элементтер мен эмоционалды элементтерді айыру, олардың өзара байланысына қарамай, функционалдылық мақсатының бөлек болуымен түсіндіріледі.


Browse the glossary using this index

Special | A | B | C | D | E | F | G | H | I | J | K | L | M | N | O | P | Q | R | S | T | U | V | W | X | Y | Z | ALL
No entries found in this section