Глоссарий


Азаматтық – тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы. 

Ар-намыс – ерекше когнитивті-этикалық процесс болып, жеке адамның өзіндік  моральдық философиясына  сай, немесе ұстанған құндылықтар жүйесінде негізінде қалыптасқан эмоциялар мен рационалды ассоциациялар.

Жауапкершілік – адам бойындағы белгілі бір істі, өзіне тапсырылған міндетті  орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік

қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі. 

Құқық – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің (нормалардың) жиынтығы.

Парыз – ата-ананың балаға, баланың ата-ана алдындағы, Отан алдындағы міндеті, яғни адамның адамдық қасиеті.

Жанұя – отбасында  балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.

Өмірлік ұстаным – адамның дүниетанымдық, моральдық-психологиялық қасиеттері және оның қоғамға қарым-қатынасын білдіру арқылы көрінетін ішкі қағидасы.

  Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.

Ұрпақ – өз кіндігінен тараған балалары.

         Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Киіз үйдің үстіндегі дөңгелек шеңбер осылай аталатыны белгілі немесе әр отбасын да шаңырақ деп айтады.

Білім беру – тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі, қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты. 

Біліктілік (квалификация) – адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті.

Зияткерлік – адамның жоғары мәдениеттілігінің, ақыл-парасаты мен адамгершілік қасиеттерінің жиынтығын білдіретін ұғым. 

         Педагогика – жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым. 

Халықтық педагогика – халық арасындағы тәрбиенің мақсаты мен міндетін халық арасында үстем болған көзқарастардан, тәрбие мен оқытудың халықтық құралдары мен іскерлік, дағдыларының жиынтығынан керінетін эмпириялық педагогикалық білімдер мен халық бұқарасы тәжірибесінің алаңы.

Ата Заң –  бұл Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. 

Бейбітшілік – тыныштық, қауіпсіздік, қорқынышсыз өмір, адамдар мен мемлекеттер  арасындағы достық қарым-қатынас.

Бостандық – ол еркіндік, өз билігі өзінде болушылық, еріктілік және өз мақсаты мен халықтың, елдің өз мүдделеріне орай әрекет жасау еркіндігі.

Заң –  мемлекет  белгілеген бүкіл  нормативтік-құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер.

Кепіл – Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасына сәйкес  міндеттемелерді қамтамасыз ету тәсілі болып табылады. 

Биологиялық белсенді заттар – организмнің  қандай да бір қызметін атқаратын, арнайы жоғары әрекетті іске асыратын органикалық қосылыстар.

Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы.

Салауатты өмір –  бұл  денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. 

Химиялық заттар – бір немесе бірнеше элемент атомдарының химиялық байланысу нәтижесінде құралған заттар.

Экоөнім – адам денсаулығына өмір бойы зиянын тигізбейтін, болашағына кері әсер етпейтін және оның құрамында улы заттар болмайтын өнім.

Ағза – белгілі ортаға өз бетімен тіршілік етуге бейімделген, тірі және тарихи қалыптасқан біртұтас жүйе. 

Ауызсу – органолептикалық қасиеттері (иісі, дәмі, мөлдірлігі, т.б.) және химиялық  құрамы адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су.

Ластану – адамға және табиғи экожүйе кері әсерін беретін, физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға залал келтіруі.

Су – сутегі  мен  оттегінің  қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылыс.

         Тірі ағза  – бір-бірімен бағыныңқы болатын элементтерден тұратын және олардың өзара байланыстары мен біртұтас құрылымды беретін биологиялық жүйе болып саналады.

Құрғақшылық – ыстық күнде, ауаның ылғалдығы төмен болған кезде жауын-шашынның ұзақ уақыт және елеулі түрде жетіспеушілігі.

Маусым – жылдың бірнеше айдан тұратын бөлігі астрономиялық, синоптикалық немесе фенологиялық белгілеріне қарай ажыратылады. Астрономиялыққа – (қыс, көктем, жаз, күз) жатады.

Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.

Су тасқыны – өзендегі немесе су айдынындағы су деңгейінің қысқа мерзімді және мерзімді емес көтерілуі.

Табиғи құбылыс – табиғатта әр түрлі метаморфозалар үнемі орын алады, яғни ауа райы ашық болуы, жел соғуы, дауыл соғуы, бұршақ, қар жаууы, аспанда кемпірқосақтың пайда болуы және т.б.

Ескерткіш – елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. 

Мәдени мұра – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы. 

Ұлттық құндылықтар – салт-дәстүр, әдет-ғұрып пен мәдени мұраларымыз, тіліміз және ұлттық қолөнер мен ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар.

Мұражай – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.

Тарихи және мәдени  ескерткіштер  –  мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыстарды, ғимараттарды, т.б.) қамтиды.

Қорық – аумағындағы барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланылудан алынған және үкіметтің қорғауында болатын жер не су кеңістігі; типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл компоненттерінің жиынтығымен қоса, сол қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Өлке – ел, облыс, жер, бірнеше географиялық өңірді алып жатқан аумақ.

Өңір – халықтық географияда көлемі жағынан аса ауқымды, ұзыннан ұзақ созылып жатқан әртүрлі аймақ өлкелерді қамтитын жер. 

Пайдалы қазбалар – техниканың қазіргі жағдайында халық шаруашылығына табиғи күйінде немесе байытқаннан кейін пайдаланғанда жеткілікті экономикалық нәтиже бере алатын жер қойнауында кездесетін табиғи минералдық заттар.

Тоғай – шөл және шөлейт аймақтардың жайылма сулы өзен алаптарында өсетін орман. 

Сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері.

Құрылыс –  әр түрлі үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждау.

Сәулет өнер туындысы – ерте заманда салынған ғимараттар, кешендер, мазарлар, кесенелер және т.б. (Айша Бибі кесенесі, Көрпеш-Баян сұлу мазары, Домбауыл кешені, Діңгек ғимараттары).

Кесене –  бейіт, зират, мола басына салынған күмбезді мәдени-тарихи ескерткіш.

Шың – (пик, вершина) тау жотасының, массивінің, жеке тау басының немесе кез келген нәрсенің ең биік жері. 


Browse the glossary using this index

Special | A | B | C | D | E | F | G | H | I | J | K | L | M | N | O | P | Q | R | S | T | U | V | W | X | Y | Z | ALL
No entries found in this section