«Сметалық іс» пәні базалық пәндердің таңдау компонентінің циклына жатады.
Пән мақсаты
«Сметалық іс» пәні студенттерді құрылыс, жөндеу және қайта құру жұмыстарына сметалық құжаттарды АВС-4РС бағдарламасы көмегімен жасауды зерделеудің мақсатын ұстанады.
Пән міндеттері
Осы пәнді оқыту нәтижесінде студенттер:
түсінік алуы керек:
- жобалау мәні мен түрлері туралы;
- сметалық құжаттарды құру тәртібі туралы;
білуі керек:
- АВС-4РС бағдарламасының жұмыс істеу тәртібін;
- сметалық құжаттардың түрлері мен смета құнын анықтау әдістерін;
істей білуі керек:
- пәнді және курстың мақсатын білуге, құрылыс өнімдеріне баға құнын белгілеу туралы;
- сметалық құжаттың құрамы мен структурасы, қосымша сметаларға құрылыс есептеулерін қосқанда, объектілік және локальділік смета және сонымен қоса нормативті құжаттар негізін құрылыс сметасын анықтау үшін білуге;