1-3 сабақ тапсырмалары
Жазылым. Жаттығу жұмысы.
1-тапсырма. Абайдың қара сөздерін түсініп оқып, жұрнақтардың жасалу жолдарын анықтаңыз.
Отыз жетінші сөз
Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.
Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
Егер ісім өнсін десең, ретін тап
2-тапсырма. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сөздерімен сөйлемдер құрастырып жазыңыз.
3-тапсырма. Төменде берілген мақал-мәтелдерден жұрнақтарды табыңыз.
Жас
жүрген жер — мереке.
Қарт жүрген жер — береке.
Жақсы
жастан шығады,
Темір тастан шығады.
Жаманға
айтқан ақылың —
Далаға атқан оқпен тең.
Талабы жоқ жас ұлың —
Жалыны жоқ шоқпен тең.
Жазылым. Жаттығу жұмысы.
1-тапсырма. Сұрау есімдіктерін, сұраулық шылауларды және оқшау, көмекші сөздерді қатыстыра отырып өтініш, тілек, сұрау мәнді сөйлемдер құрастырыңыз.
2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыз:
отбасылық дәстүр, қонақ күту, құнды сыйлық.
3-тапсырма. Төменде берілген қалау райдың жұрнақтарымен сөйлемдер құрастырыңыз.
а) етістік + (-ғы, -гі, -қы, -кі) + тәуелдік жалғауы + «кел» етістігі:
б) -са, -се игі еді: барса игі еді, келсе игі еді.
4-тапсырма.
Өз отбасыңыз туралы «Менің отбасым – менің байлығым» тақырыбында эссе жазыңыз (отбасылық талаптар, құндылықтар, дәстүрлер, демалу кезеңі т.б.).
5-тапсырма. Елімізде өткізілетін «Мерейлі отбасы» конкурсы жайлы ақпараттармен танысыңыз.
3-сабақ1-тапсырма. Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтарды қатыстыра отырып сөйлемдер құрастырыңыз.
2-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерден жұрнақтардың түрлерін табыңыз.
«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті», - деп бірінші ұстаз Аристотель айтқандай, білім мен өнер сіздің болашағыңыздың жарқын болуына бірден-бір кепіл. Білім жайында жер бетіндегі ақын-жазушының бәрі де қалам тербеді. Ұлағатты ой айтып, нақыл, қанатты сөздері бізге мұра болып қалды.
3-тапсырма. Зат есімдерден сын есім жасайтын жұрнақтарды қатыстыра отырып, бірнеше сөйлемдер құрастырыңыз.
4-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерден жұрнақтардың түрлерін табыңыз.
Білім – адамзат мәдениетінің ең көрнекті және ауқымды ұғымдарының бірі. Сонымен қатар, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтап тұрушы негізгі фактор. Ұлы ойшыл, кемеңгер тұлға Абай Құнанбайұлы: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», – деп тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйіндеген. Білім - инемен құдық қазғандай. Адам өмірінің соңына дейін білім алады. Адам қаншалықты білімді болса, соншалықты бай-қуатты болады. Адамның білімсіз өткен бір күні – бос күн. Батыр бірді жықса, білімді мыңды жығады. Білім адам бойына біткен ең мықты қару. Адамзаттың жетер ең биік шыңы – білімді толық меңгерген күні. ХХІ-ғасыр – ақпарат пен технологияның заманы. Ендігі адамдардың білім алу деңгейі мүлде жаңа деңгейге көтерілді, сапасы артты.
- 27 June 2023, 12:42