Календарный план
- Әлеуметтану
Әлеуметтану
«Әлеуметтану» онлайн курсына қош келдіңіздер!
Сіздердің бізге қосылғандарыңызға қуаныштымыз.
«Әлеуметтану» курсы — Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқытылатын «Әлеуметтік-саяси білім» модулінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Әлеуметтану — қоғам туралы ғылым ретінде қазіргі қоғам туралы түсінік береді. Қоғам — бұл күрделі жүйе, ол үнемі дамып, өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер қоғамның жалпы даму заңдылықтарынан бастап, шағын топтар мен жекелеген адамдардың мінез-құлқына дейінгі барлық көріністерінде орын алады. Жеке пән ретінде әлеуметтанудың өз зерттеу нысаны, қоғам өмірінің белгілі бір салаларын зерттеуге бағытталған пәндік аясы, өзіндік терминологиясы мен зерттеу әдістері бар.
«Әлеуметтану» курсының мақсаты — студенттердің әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру.
Курс аясында сіздер:
- Қоғам мен оның ішкі жүйелерін зерттеудің негізгі әлеуметтік тәсілдерін меңгересіздер;
- Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді сипаттап, талдау дағдыларын дамытасыздар;
- Әлеуметтанулық ақпарат алу көздері мен негізгі әдістерін игересіздер;
- Сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастырып, оны тәжірибеде қолдануды үйренесіздер.
Курсты меңгеру нәтижесінде сіздер:
- «Әлеуметтану» пәніндегі ұғымдарды, идеяларды, теорияларды түсіндіріп, талдай аласыздар;
- Әлеуметтік институттардың ерекшеліктерін және олардың Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы рөлін талдайсыздар;
- Әлеуметтік коммуникацияның әртүрлі салаларындағы жағдайлардың мәнін түсіндіре аласыздар;
- Қоғамдағы, соның ішінде кәсіби ортадағы, қақтығысты жағдайларды шешуге арналған бағдарламалар жасай аласыздар;
- Коммуникацияның әртүрлі салаларында зерттеу жобаларын жүзеге асыра аласыздар.
Оқуыңызға сәттілік тілейміз!
Курс авторлары - Тусупбеков Жаркын Амантаевич, Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, мәдениеттану ғылымының магистрі
Жумаканова Улпан Сериккановна Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, гуманитралық ғылымдар магистрі
Жуматова Гульзат Мухаметкаримовна - Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымының магистрі
- 1-тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану
- 2-тақырып. Әлеуметтану теориясына кіріспе
- 3-тақырып. Әлеуметтік зерттеулер
- 4-тақырып. Әлеуметтану және сәйкестік.Ауытқу ,қылмыс және әлеуметтік бақылау
- 5-тақырып. Әлеуметтік құрылым және көшбасшының Рөлі
- 6-тақырып. Топтық динамика және көшбасшылық
- 7-тақырып. Отбасы және қазіргі заман.Дін,мәдениет және қоғам
- 8-тақырып. Әлеуметтік өзгерістер мен инновациялар
- 9-тақырып. Экономика,жаһандану және еңбек.Популяция,урбанизация және әлеуметтік қозғалыстар.
- Глоссарий
- Ақпарат көздерінің тізімі