Topic outline
- Қазақ тілі
Қазақ тілі
В2 деңгейі. 2 семестр
Жалпы білім беру пәндер цикліне кіретін «Қазақ тілі В2 деңгейі» пәні бойынша курс. 2 семестрге арналған.
Авторлары: Ныгметова Н.Т. ф.ғ.к.,
Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының доцент м.а.
Байпелова Г.С.
Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы
Қайырлы күн, құрметті тыңдаушылар!
Қазақ тілінің В2 ортадан жоғары деңгейін оқу барысында сіз төрт негізгі тілдік дағдыларды жетілдіресіз: (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым). Аудио материалдардың тақырыптары сабақтың тақырыбына сәйкес келеді және оқу кезеңінде қазақ тілінің грамматикалық ережелерімен танысасыз.
ПӘННІҢ МАҚСАТЫ:
Білімділік:
- тілдік тұрғыда алған білімдерін нығайту;
- тапсырмаларды орындау арқылы тілдік қатысымды жетілдіру;
- білімді меңгеру барысында алынған мәліметтерді жинақтау;
- қазақ тілін оқып үйрету барысында олардың коммуникативтік білік, дағдыларын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.
Дамытушылық:
- оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым тілдік дағдыларын дамыту;
- өз көзқарастарын нақты және нақты жеткізе білу қабілетін дамыту;
- танымдық қызығушылық пен шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- жаңа білім алуда ойлауды, бастаманы, дербестікті дамыту;
- ақпараттық жазбаларды оқу және жүргізу;
- тілдік талдау,сөздік қорларын арттыру.
САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
- қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігін; орфография және орфоэпия ережелерін; лексика: сөзжасамын үйрете отырып,білім жүйесін меңгерту;
- тілдік жүйе мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы; дайын күйіндегі өнер мен мәдениет мәселелеріне байланысты сөйлесім мен қатысымды, күнделікті тұрмыстық сөйлеу жағдаяттарында әңгімені; белгілі бір тақырып бойынша қысқа, аса қиын емес эссе, орта көлемді және көлемді мәтіндерді жатық әрі шапшаң оқу дағдыларын игерту;
- өмірден алынған, күнделікті өмірдегі фактіге құрылған қарапайым хабарламаларды түсіндіруге қажетті мәліметтерді анықтау;
- коммуникативтік, лингвистикалық, әлеуметтік тілдік, дискурстық (монолог, диалог, полилог түрінде (хабарлама, таныстырылым (презентация), баяндама, дискуссия және т.б.) әңгімелеу ерекшеліктерін тереңдету;
- лингвомәдени, әлеуметтік-мәдени, когнитивтік, қатысымдық, кәсіби бағдар деңгейінде практикалық машықтарын және теориялық негіздерін үйрету.
Күтілетін нәтиже:
- тілдік әрекеттер (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) арқылы тақырыпты түсінгенін көрсете алады;
- ауызекі сөйлеу тілінде қазақ тіліндегі хабарлама, сұрақ-жауап, сұхбат кез келген тақырып аясында түсінігін анық жеткізеді;
- қазақ тіліндегі тіркес түрлерін сөйлем құрастыруда таңдайды;
- қазақ тілінің рөлі мен орны туралы, қазақ тіліндегі негізгі сөйлем заңдылықтарын меңгереді;
- тыңдалым бойынша түсіндірмелі сипаттағы монолог, диалог түрінде берілген мәтіндегі негізгі ақпаратты түсінеді;
- оқылым әрекетінде мәтіннің негізгі идеясын түсініп, оның ішінен өзіне қажетті ақпаратты алады;
- жазылым әрекетінде берілген мәтіннің мазмұнын оқыған, естіген материалдарымен өз бетінше толықтырады;
- айтылым әрекетінде берілген мәтін бойынша 500-700 сөз аясында әңгіме, баяндама, сұхбат құрады.
Біліктілік талаптары:
Тыңдаушы сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз пікірін ортаға салуға қажетті дағдыларды меңгеруі тиіс.
Оқытуда қолданылатын технологиялар:
1. Сұрақ - жауап
2. Oй бөлісу
3. Сын тұрғысынан ойлау
4. Ассоциограмма
5. Жағдаяттық тапсырма
Курстың тыңдаушысы арнаулы орта және жоғары оқу орындарының білім алушылары болып табылады.
Ұсынылған бағдарлама он бес тақырыпты қамтиды:
1-тақырып. Ғылыми-техникалық даму. Білік, дағды мәнді сөйлем.
2-тақырып. Білімді ұрпақ – ел ертеңі. Модаль сөздердің жіктелуі, септелуі.
3-тақырып. Өнертабыстағы жаңашылдық жастарға жат па? Шарт мәнді сөйлемдер, олардың шақ, жақ бойынша түрленістері.
4-тақырып. Ғасырлық тұлға. Сөздердің синтаксистік байланысы.
5-тақырып. Қазіргі медиамәдениет. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.
6-тақырып. Қала мен дала тынысы. Жай сөйлемдердегі анықтауыштық, кеңістіктік, мезгілдік қатынастардың логикалық, мағыналық жағы.
7-тақырып. Ел экономикасы: ішкі және сыртқы сауда. Мәндес және қарсы мәндес сөздер, түрлік және тектік атаулар, топонимдер.
8-тақырып. Ел болам десең . . . Терминдер, тұрақты тіркестер.
9–тақырып. Ел тыныштығын күзеткен. Сөйлемдегі логикалық, мағыналық қатынас түрлері.
10-тақырып. Қайырымдылық – адамгершілік белгісі. Құрмалас сөйлемдердегі жалғаулықтардың мағыналық топтары.
11-тақырып. Жаһандану және ұлттық тәрбие. Қалау мәнді сөйлемнің –са(-се) игі еді, -са(-се) екен тіркесі арқылы жасалуы.
12-тақырып. Қазақ жазуының жаңа белесі. Кәсіби тілдік құзыреттілік.
13-тақырып. Мамандық тілі. Міндет, жауапкершілік, мәнді сөйлемдер.
14-тақырып. Кәсіби сөйлеу мәдениеті. Кәсіби терминдер, ғылыми стиль ерекшеліктері.
15-тақырып. Іскери қарым-қатынас.
Кәсіби саладағы ресми-іскери, мамандық пен қызметке қатысты тілдік оралымдар.
Бұл пәнді оқу үшін тыңдаушы «Қазақ тілінің В 1 деңгейі» пәнін, «Қазақ тілі В2 деңгейі» пәнінің 1 семестрін меңгеруі тиіс.
«Қазақ тілі В2 деңгейі» пәнін оқытуда алынған білім «Кәсіби қазақ тілі» пәнін игеруде қолданылады.
Оқуда табыс тілейміз!
- 1 Модуль, Ғылыми-техникалық даму. Білік, дағды мәнді сөйлем.
- 2 Модуль, Ғасырлық тұлға. Сөздердің синтаксистік байланысы.
- 3 Модуль, Ел экономикасы: ішкі және сыртқы сауда. Мәндес және қарсы мәндес сөздер, түрлік және тектік атаулар, топонимдер.
- 4 Модуль, Қайырымдылық – адамгершілік белгісі. Құрмалас сөйлемдердегі жалғаулықтардың мағыналық топтары.
- 5 Модуль, Мамандық тілі. Міндет, жауапкершілік, мәнді сөйлемдер.
- Қосымша материалдар