Настройка зачисления на курс

Курс туралы қысқаша аңдатпа
 Сәлеметсіздер ме, құрметті курс тыңдаушылары?

 Оқу курсының сипаттамасы 

«Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» пәнін оқу курсы 6B11301 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды  ұйымдастыру» білім беру бағдарламасына арналып жасалынған
 Оқу курсының мақсаты
«Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» курсы көлік түрлерінің сипаттамалары мен олар арқылы тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару жұмыстарына негіз болатын білімдерді беруді мақсат етеді.
 Оқу курсының бөлімдері:
1-бөлім:  «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»
2-бөлім:  «Теміржол және автокөлік тораптары. Жол тораптарының өткізгіштік қабілеттілігі, пойыздардың қозғалыс керегені»
3-бөлім:  «Өнеркәсіптік көлікті пайдалану және жүк тасымалдауды ұйымдастыру»
4-бөлім:  «Жол қозғалысын ұйымдастыру»
5-бөлім:  «Автокөлікпен тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»

Оқу курсының нәтижелері:
1.  Темір жол және өнеркәсіп көлігінде өндірістік-басқару қызметін жүзеге асырады;
2.  Темір жол көлігі объектісінің техникалық нормаларын анықтауды игереді;
3.  Теміржол учаскесінің өткізу және тасымалдау қабілетін анықтау жолын біліп шығады;
4.  Жол қозғалысын зерттеу әдістері мен тиімділік коэффициенттері бойынша іс-шараларды бағалауды меңгереді;
5.  Көліктің өнеркәсіптік түрлерін қолдану саласына түсінік бере алады;
6.  Автокөлікте жүк тасымалдау көлемін анықтауды және қозғалыс маршруттарын жасауды үйренеді;
7.  Автобус маршрутының пайдалану анықтап, оңтайлы маршрут құрастыра алады.

Курстың құрамы:
Онлайн форматтағы «Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» пәніне арналған осы оқу курсы  5 бөлімге бөлінген 35 тақырыптан тұрады. Әрбір бөлім 6-10 минут аралығындағы 7  тақырыптан тұратын видео материалдан және де дәрістік материалдардан тұрады.   Бір бөлім біткен соң алған білімді бекіту және өзін - өзі бағалау мақсатында тесттік материалдар ұсынылған.
 Курс жүргізушісі:  Әбілқас .Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті "Өнеркәсіптік көлік"  кафедрасының аға оқытушысы Атькен Ержан.      E-mail: adil-ansar82@mail.ru  Телефон: 87079400840                                                                                 
 Жұмыс орны:  Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан  Назарбаев  даңғылы, 56 /1 үй,  Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің       1-корпусында орналасқан  "Өнеркәсіптік көлік" кафедрасы (119  аудитория,  байланыс телефоны:  56-75-98, ішкі нөмер: 2051

   


Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.