Настройка зачисления на курс

Қайырлы күн, құрметті тыңдаушылар.

«Мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығы» курсы білім алушылар үшін әзірленген, кәсіптік пәндердің циклына кіреді, таңдау бойынша компонент болып табылады.

Курстың мақсаты білім алушыларға мұнай-газ кен орындарын игеру мен пайдалану кезіндегі қолданылатын технологиялық  үрдістер мен кешендерді оқытып үйрету.

Курстың міндеттері:

- бұрғылау жабдықтарының негізгі түрлері мен типтері туралы білім алу бойынша дағдыларды, іскерліктер мен құзыреттерді меңгеру;

- пайдалану жабдықтарының негізгі түрлері мен типтері туралы білім алу бойынша дағдыларды, іскерліктер мен құзыреттерді меңгеру;

- мұнай мен газды тасымалдауға дайындаудың заманауи технологиялары туралы білімді меңгеру;

- терең, теңіздік бұрғылау және мұнай мен газды алу саласындағы ғылым мен практиканың қазіргі жетістіктері туралы құзыреттілікті қалыптастыру.

Курс теориялық материалдан (бейне дәрістері), практикалық жұмыстардан, тест тапсырмаларынан және глоссарийден тұрады.

Білімді бақылау қорытынды тестілеу түрінде ұсынылған.

Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.