Настройка зачисления на курс
«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» курсы ЖОО компонентінің базалық пәндер цикліне кіреді. Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: Экономикалық теорияның пәні, зерттеу әдістері және экономика мәселелері, Нарық құрылымы. Жетілген және жетілдірілмеген бәсеке: бәсекелестік және монополия, Экономикалық өсу және нарықтық экономиканың тұрақсыздығы. Инфляция және жұмыссыздық-экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі, Кәсіпкерлік және оның қазіргі экономикадағы орны, Кәсіпкерлік қызметтегі стартаптарды қалыптастырудың негізгі ресурстары және т. б.
«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» курсы студенттерде өнеркәсіп кәсіпорындарын интеграциялаудың оңтайлы көлемін анықтау, өнеркәсіп экономикасының тұжырымдамасы мен нарықтық экономика құралдарына сүйене отырып, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүргізудің ғылыми және заңнамалық негіздерін зерделеу бойынша білімді қалыптастыруды мақсат қояды.
Курстың міндеттері келесідей:
- экономикалық ойдың ұзақ эволюциясы ішінде жасалған негізгі тұжырымдамаларды меңгеру;
- нарықтық тетіктің жұмыс істеу, өзін-өзі реттеу және экономикаға мемлекеттік ықпал ету принциптерін зерделеу;
- студенттердің ғылыми-техникалық идея негізінде коммерциялық перспективалы өнімнің бизнес-идеяларын әзірлеуге дайындығын қамтамасыз ету;
- өз бизнесін құру, оның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша құзыреттерді қалыптастыру;
- бизнес-жоспар құру әдістерін меңгеру;
- экономикалық процестерді дамыту заңдылықтары туралы білімді меңгеру;
- экономикалық проблемаларды шешу кезінде пәнаралық тәсілді қалыптастыру.
Курсты оқу нәтижелері
Осы пәнді оқығаннан кейін студент:
6.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіпкерлік қызметін талдауды, жоспарлауды және жүргізуді жүзеге асырады:
6.1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеуді жүзеге асырады;
6.1.2 Экономикадағы таңдау мәселесі және ресурстарды пайдалану тиімділігін тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін пайдаланады;
6.1.3 Жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алудың мәні мен мақсаттары, нарық және оның функцияларының тиімділігін арттыру үшін басқару әдістерінің жүйесін қолданады;
6.2. Кәсіпорынның негізгі және айналым қаражатының жай-күйін талдайды, өндірістік қызметтің экономикалық тиімділігін есептейді;
6.2.1 Сұраныс пен ұсыныстың икемділігін әртүрлі деңгейлерінде есептеу әдістеріне тиімді талдау жүргізеді;
6.2.2 Шығындар мен фирманың кірісі мен пайдасын экономикалық және материалдық дайындауды жүзеге асырады;
6.2.3 Макроэкономикалық көрсеткіштерді талдайды, бағалайды, салыстырады, жинақтайды, жіктейді, қорытынды жасайды және қолданады;
6.3 Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпкерліктің экономикасы және Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуының жай-күйі мен үрдістерін талдайды және бағалайды.
6.3.1 Кәсіпкерлік қызметпен байланысты білімдер мен тұжырымдар түсінігін, дағдылыр мен терменологиялар туралы білімді жүйелеу;
6.3.2 Кәсіпкерлік қызметтегі стандартты және стандартты емес шешім қабылдауда білімдер мен сыни түсініктерді қолдана білуді практикада қолдану;
6.3.3 Жаңа бизнес – тұжырымдамалардың мүмкіндіктері мен өміршеңдігін анықтау.