Настройка зачисления на курс
Курстың мақсаты
«SCADA-жүйелерді жалпы өнеркәсіптік кешендерде қолдану» курсы кәсіби қызметтің нақты саласына қатысты арнайы білімді, іскерлікті, дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыруға мақсат қояды.
«SCADA-жүйелерді жалпы өнеркәсіптік кешендерде қолдану» курсы бағдарламалық-техникалық кешендерді құру принциптерін зерделеуді, аппараттық құралдарды таңдауды, өнеркәсіптің негізгі салаларының технологиялық процестері мен өндірістерін автоматтандыру міндеттерін шешу кезінде SCADA-жүйелерін қолдану дағдыларын алуды мақсат етеді
Курстың міндеттері
Курстың міндеттері келесідей:
- студенттерге SCADA жүйелерін жасау мен бағдарламалауда және инженерлік есептерді шешуде жаңа білім мен жетістіктерді өз бетінше меңгеруге мүмкіндік беретін берік теориялық негіздері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру;
- SCADA жүйелерін қолдануды қажет ететін технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыруға оқыту;
- SCADA жүйелерін таңдау әдістерін зерттеу.
- Учитель: Динара Жумагулова