Настройка зачисления на курс
Бұл курс "Бухгалтерлік есеп негіздері" пәнін оқитын жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Бухгалтерлік есепті білу мен шұғыл бухгалтерлік жұмыс бойынша тәжірибелі дағдыларын алудың ең оңай және түсінерлік әдістері қолданылады. Тақырып бойынша білімді талқылау және бекіту сұрақтары, тапсырмалар, тест тапсырмалары беріледі. «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәні бойынша курс кәсіпорындарында есепке алу рәсімдерін практикалық қолдану білігін қалыптастыруды, шаруашылық операциялардағы бухгалтерлік есеп объектілерін айқындауды, кәсіпорын жұмысының қаржылық нәтижесін айқындауды, синтетикалық және талдамалық шоттар бойынша айналым ведомостарын толтыру, бас кітаптың шоттарын жабу, есепке алу жазбаларындағы қателерді бақылау және түзету дағдыларын қалыптастыруды мақсат қояды.