Настройка зачисления на курс
«Ақпаратты қорғау жүйелерін бағдарламалық-аппаратық қамтамасыз ету» курсы «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының бакалавр студенттеріне арналған.
Пәннің мақсаты- ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-аппараттық құралдарының негіздерін оқып үйренуді; автоматтандырылған жүйелердің қауіпсіздігіне қауіп-қатерді анықтаудың принциптері, әдістері мен құралдары туралы түсініктерді құруды; объектілердің қорғалуын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруды мақсат етеді.
Курс 5 дәрістен, 4 зертханалық жұмыстан тұрады. Әр дәрістен кейін СӨЖ-ге арналған тапсырмалар мен бақылау сұрақтары бар. Глоссарий және тест сұрақтары берілген.
Осы пәнді оқу нәтижесінде студенттер міндетті:
- ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағдарламалық-аппараттық құралдарын қолдана білу;
- ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-аппараттық құралдарын орната білу;
- ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағдарламалық-аппараттық құралдарының жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету, диагностикалау істен шығуларды жою;
- ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қолданылатын бағдарламалық-аппараттық құралдарының тиімділігін бағалау;
- ақпараттық қауіпсіздікті бағдарламалық-аппараттық құралдармен қамтамасыз ету бойынша нормативтік-құқықтық актілерді қолдану;
- ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-аппараттық құралдарына бағдарламалық және техникалық құжаттамамен жұмыс істеу.
- Учитель: Бибігүл Тайлақ