Настройка зачисления на курс

"Компьютерлік желілер" пәні

6В06301 "Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері" білім беру бағдарламасы

Инновациялық технологиялар және қауіпсіздік факультеті

Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік кафедрасы

"Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері" пәні компьютерлік желілерді ұйымдастыру мен қызмет көрсетудің теориясы мен практикасының негізлерін оқып үйренуге, студенттердің КЖ жобалау және қолдану әдістері, желілік қауіпсіздік мәселелері туралы жүйелі білімдерін қалыптастыруға бағытталған.

Пәннің міндеттері мыналар:

- компьютерлік желілерді ұйымдастыру және жұмыс істеу принциптерін, желілердегі дербес компьютердің жұмыс ерекшеліктерін меңгеру;

- қазіргі заманғы компьютерлік желі технологиялары мен ақпаратты беру, сақтау, іздеу, өңдеу және ұсыну әдістерін оқу;

- жергілікті желілерде жұмыс істеудің практикалық дағдыларын алу.

«Компьютерлік желілер» пәнінде желілердің сыныпталуы, ашық жүйелердің өзара әрекеттесуін ұйымдастыратын базалық OSI моделі мен TCP/IP стегі, компьютерлік желілердің аппараттық құралдары мен Ethernet технологиясы, Fast Ethernet, Gigabit Ethernet, TokenRing стандарттары, сондай-ақ  ауқымды желілердің құрастырылуы мен телефондық желілердің жабдықталуы туралы талданады.


 


Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.