Настройка зачисления на курс

Пәннің сипаттамасы: «Өзараалмасымдылық негіздері» пәні базалық пәндер циклына жатады және инженерлік кадрларды даярлауда негізгі пәндердің бірі болып саналады.  Аспап жасау мен машина жасаудағы өнім сапасының маңызды көрсеткіші оның барлық құрамдас бөліктерінің дәлдігі болып табылады, ал бөлшектерді жасау дәлдігі өнімнің жұмысына, оның шығу сипаттамаларына, беріктігіне, сенімділігіне және басқа көрсеткіштерге айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар, қазіргі заманғы өндіріс жоғары өнімділікке ие, жеке бөлшектер мен тораптарды тек бір зауытта ғана емес, кейде тіпті әртүрлі қалалар мен елдерде де жасауға болады. Мұндай мүмкіндіктер жекелеген бөлшектердің де, тұтастай алғанда бұйымның да өзара алмастырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тиісті құжаттаманың болуымен қамтамасыз етіледі.

Пәннің мақсаты: Студенттерді өзараалмасымдылықты және машина жасау мен аспап жасаудың қазіргі бұйымдарына қатысты оның әдістемелік негіздерін қамтамасыз ету әдістерімен таныстыру мақсатын қояды.

Курсты оқу нәтижесінде сіз: 

  • жалпы кәсіптік және арнайы білім негізінде өндіріс объектілері мен процестерін талдап, жобалайсыз;
  • бөлшектер мен құрастыру бірліктерінің дәлдігін нормалау және олардың өзараалмастырылуын қамтамасыз ете аласыз;
  • бөлшектер мен тораптардың шақтамалары мен отырғызуларын есептеуді игересіз;
  • БӨЦ қағидаттары негізінде жобалау, есептеу және дәлдік нормаларын таңдауда, техникалық және конструкторлық құжаттаманы құрастыруда және онымен жұмыс істеуде бағдарлану дағдыларын аласыз.

Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.