Настройка зачисления на курс
КІРІСПЕ
ЖОО-дағы қазақ тілінің қолданыс аясын барынша кеңейтіп, мемлекеттік тіл ретінде өмірлік қажеттілікке айналдыру мақсатында білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформаларды басшылыққа алып, бүгінгі күннің талаптарына толық жауап беруді талап етіп отыр. Мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – олардың мемлекеттік тілді толық меңгеруі мен оны тәжірибе жүзінде қолдана алуы.
Пәннің сипаттамасы
«Қазақ тілі» пәні жалпы білім беру пәндер цикліне енеді. Қазақ тілінің функционалды грамматикасына сөйлеу әрекетіндегі қызметі тұрғысынан түсіндірілуіне баса назар аударылады.
Пәнді оқыту мақсаты
«Қазақ тілі» пәні студенттерге қазақ тілін оқып үйрету барысында олардың коммуникативтік білік, дағдыларын жетілдіру мақсатын қояды.
Пәннің міндеттері
Берілген пәнді оқу нәтижесінде студенттерде:
- қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігі; орфография және орфоэпия ережелері; лексика: сөзжасамның құрылымы және оның айтылымы; грамматика; оқылым; айтылым; жазылым; тыңдалым: әлеуметтік, ақпараттық және кәсіптік сипаттағы хабарламалар туралы түсінік болуы;
- тілдік жүйе мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы; дайын күйіндегі сөйлесім мен қатысымды өнер мен мәдениет мәселелеріне байланысты, күнделікті тұрмыстық сөйлеу жағдаяттарында әңгімені; белгілі бір тақырып бойынша қысқа, аса қиын емес эссе және орта көлемді және көлемді мәтіндерді жатық әрі шапшаң оқып түсінуді; кәсіби өмірден алынған қарапайым хабарламаларды; күнделікті өмірдегі фактіге құрылған мәліметтер мен оны түсіндіруге қажетті әрекеттерге қысқаша баяндама жасауды білуі;
- коммуникативтік, лингвистикалық, әлеуметтік тілдік, дискурстық (монолог, диалог, полилог түрінде (хабарлама, таныстырылым (презентация), баяндама, дискуссия және т.б.) әңгімелеу, сұхбат жүргізуді; стратегиялық және мәдени-әлеуметтік субъективті бірліктегі компоненттерін істеуге шеберлігі болуы; - лингвистикалық, әлеуметтік тілдік, дискурстық, стратегиялық және мәдениәлеуметтік субъективті бірліктіктің негізінде лингвомәдени, әлеуметтікмәдени, когнитивтік, қатысымдық, кәсіби бағдар деңгейінде практикалық машықтарын игеруі керек.
Функционалдық мүмкіндіктер
«Қазақ тілі Ортадан жоғары деңгей (В2) 1 семестр». Барлық мамандық студенттеріне арналған құрал бір-бірімен өзара байланысты құрылымдық элементтерден тұрады. Оқулықтың құрылымы мынадай:
- басты бет;
- оқулық жайлы;
- Тыңдалым;
- Тақырып. Грамматика;
- Лексикалық мәтін. Тапсырмалар;
- Бейне материал Файл;
«Басты бетте» «Қазақ тілі Ортадан жоғары деңгей (В2) 1 СЕМЕСТР» оқу құралының мұқабасы бейнеленген. «Оқулық жайлы» бөлімде пәннің сипаттамасы, мақсаты мен міндеттері туралы айтылған. «Тыңдалым» бөлімінде мәтінге қатысты аудиоматериал берілген. «Тақырып. Грамматика» бөлімінде студенттерге лексиканы және сөз тіркестерін меңгерту үшін тапсырмалар берілген. «Лексикалық мәтін.Тапсырмалар» бөлімінде студенттердің өзіндік жұмыс жасауына арналған тапсырмалар берілген. «Бейне материалдар» мен «Тест» бөлімінде мәтінге қатысты бейне материалдар мен грамматикаға байланысты тест тапсырмалары берілген. Студенттер оқу құралындағы мәтіндерді пайдаланып, тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал ететін негізгі ақпараттарды алып, оларды баяндай, сипаттай және жинақтай ала білу дағдыларын қалыптастырады және дамытады. Оқу құралын пайдалануда студенттер белгілі бір тілдік қарым-қатынас саласында қалыптасқан терминдер жүйесін, олардағы бірізділікті сақтап, сондай-ақ, тілді қолданылу жағдайларын айыруды біле алады. Мәтіндердегі тірек термин сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдермен шағын мәтін құрастыруға машықтанады. Грамматика «Грамматикалық көрсеткіштер» бөлімінде өзге тілді оқыту барысында тіл үйренушілердің сөйлеу тілін қалыптастыруда грамматиканың орны ерекше. Әсіресе сөйлеу процесін, сөзді, сөз тіркесін, сөйлем түрлерін меңгермей жүзеге аспайды. Сондықтан тіл құрамының әр саласын (фонетика, лексика, морфология, синтаксисті) оқып өткен соң грамматикалық көрсеткіш беріліп отыр.


- Учитель: Мурат Хасен