Настройка зачисления на курс

Механизмдер мен машиналар теориясы (ММТ) – олардың техникалық мақсатына және машиналардың жұмыс процесінің физикалық сипатына тәуелді емес механизмдерді зерттеу мен жобалаудың жалпы әдістерін зерттейтін ғылым. Пәннің міндеттері: машиналар мен аспаптардың механизмдерін зерттеу мен жобалаудың жалпы әдістерін зерттеу; механизмдерді құрылымдық, кинематикалық және күштік талдау әдістерін игеру; берілген кинематикалық қасиеттер бойынша механизмдерді жобалау әдістерін игеру; механизмдерді құрылымдық, кинематикалық және күштік талдау мен синтездеуді қолданудың практикалық дағдыларын игеру болып табылады.

"Механизмдер мен машиналар теориясы" ЖАОК мазмұнына келесі тақырып бойынша пәннің бес бөлімі кіреді:

  • механизмдердің құрылымдық талдауы;
  • механизмдерді кинематикалық талдау;
  • механизмдерді күштік талдау;
  • тісті механизмдердің синтезі;
  • жұдырықшалы механизмдердің синтезі.

     

Самостоятельная запись (Студент)