Настройка зачисления на курс
«Өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін сараптау» ашық онлдайн курсы өнеркәсіптік қауіпсіздіктің міндетті талаптарын белгілеу және орындау, қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларына сәйкестікті растау рәсімінен өткен технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға рұқсат беру, қауіпті өндірістік объектінің қауіпсіздігін декларациялау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау, сондай-ақ, өндірістік бақылау, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы, ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестаттау, өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингі, кәсіби апаттық-құтқару қызметтерінің қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсетулері қарастырылған.
«Өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін сараптау» оқу құралын 6В11201 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриатты даярлау кезінде оқу процесінде пайдалану ұсынылады.
Курстың сипаттамасы
«Өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін сараптау» пәні бейіндік пәндерінің жоғары оқу орны бойынша компонентінің циклына кіреді.
Курстың мақсаты
Өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігінің сараптамасы» пәні студенттерді нысан сараптамасы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының ұсыныстарына сәйкес бағалауды және оларды қорытындылау үшін практикалық және теориялық білімдерді қолдануының мақсатын ұстанады.
Курстың міндеттері
Пәннің міндеттері келесідей:
- қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу ерекшелігін меңгеру;
- үлгілік әдістемені қолдана отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздікке сараптама жүргізу кезектілігін зерделеу;
- алдыңғымен салыстырғанда прогрессивті жүйелерді қолдануды ескере отырып, сараптамалық қорытындыларды рәсімдеу бойынша білім мен дағдыларды игеру.
6 Курсты оқу нәтижелері
Осы пәнді оқығаннан кейін білім алушыдан күтіледі:
6.1 Қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастырады:
6.1.1 Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын талдайды;
6.1.2 Қауіпті өндірістік объектілерде апаттар мен оқыс оқиғалардың туындау тәуекелін бағалау үшін қауіпсіздік декларациясын әзірлейді;
6.1.3 Апаттар мен инциденттердің туындау тәуекелін болдырмауға немесе төмендетуге бағытталған іс-шараларды әзірлейді;
6.1.4 Апаттар мен оқыс оқиғалар тәуекелін бағалау нәтижелерін талдауға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды түзетеді;
6.1.5 Қауіпті өндірістік объект үшін апаттарды және олардың салдарларын жою жоспарын әзірлейді.

- Учитель: Меруерт Какенова