Настройка зачисления на курс

«Түсті металл кендерін байыту» пәні «6В07205 Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша студенттердің өздері таңдаған пәні болып табылады.

Аталған пәнді меңгерудің мақсаты болашак мамандарды түсті металл кендерді байыту әдістерінің негізгі байыту технологиясында тәжірибелік түрде дұрыс қолдану, байыту жабдықтарының құрылымымен танысу, байыту технологиясың жаңалайтыны жөнінде тиісті шешімдерді қабылдауға үйрету болып табылады.

Курстың негізгі міндеттері пайдалы қазбаларды байыту операцияларды және құрылғыларды әрі қарай дамыту, түсті металл кендерін байыту әдістерінің негізгі заңдарын оқыту, оны байыту технологиясында тәжірибелік түрде дұрыс қолдану, байыту жабдықтарының құрылымен танысу, флотациялық реагентерді қолдану неғұрлым пайдалы және тиімді жолдарын пайдалану, байыту фабрикаларының технологиясын оңайлату болып табылады.

Аталған пәнді меңгерген соң студенттер мынаны білулері тиіс:

- минералдардың бетіне әсерін тигізетің негізгі факторларды білуге;

- жанадан құрылыстырған технологиялық процесстерге іске асыру істей білуге.

Келесілер жайлы түсінік алулары керек:

Механика-физика-химиялық үрдістердің негізін игеруі, конструкцияларды қолданылатын аппараттардың жұмыс істеу принциптерін атқара алуы, сонымен қатар бақылау принциптерін, негізгі аппараттардың есептелуі мен технологиялық таңдауын.

Білуі керек:

- түсті металл кендерін байыту әдістерінің теориялық негіздерін;

- өндірісте қолданатын жабдыктардың құрылымын және жұмыс істеу қағидаларын білу

Істей алуы керек:

- қажетті жабдықтарды тандап, кендердің байыту технологиялық көрсеткіштерін жоғарылататын шамашарттарды және параметрлерді анықтауын.

Практикалық дағдыларды иемденуі керек:

- компоненттерді бөлу технологиясының ерекшеліктерін;

- бөлінетін компоненттердің химиялық, физико-механикалық қасиеттерін тануға негізделген пайдалы қазбаларды байыту әдістерін;

- аппараттарды бақылау.



Самостоятельная запись (Студент)