Настройка зачисления на курс

Аталмыш курс "Тауар қозғалысының логистикасы" 6B11302  "Логистика" (Көлік) білім беру бағдарламасы студенттерінің тауар қозғалысы бойынша білім алып, оның қыр сырын біліп, меңгеруге арналған. 

"Тауар қозғалысының логистикасы" пәнін оқытудың мақсаты студенттердің сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде тауар қозғалысын ұйымдастырудың логистикалық жүйесін қалыптастыру және басқару үшін теориялық және практикалық білім мен дағдыларды игеруі, сондай-ақ студенттердің тауар қозғалысының логистикасының теориялық негіздерін және сауда саласында логистикалық құралдарды пайдаланудың практикалық дағдыларын игеруі болып табылады. 

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешіледі: сауда қызметіндегі логистиканың рөлі және логистикалық бөлу жүйесінің ерекшелігі ашылады; кәсіпкерлік жүйесіндегі тауар қозғалысының логистикасының рөлі мен маңызы негізделеді; ҚР сауда саласындағы логистикалық инфрақұрылымның қалыптасуы негізделеді; сауда операциялары кезіндегі логистикалық шығасылардың түрлері жүйелі жалпыланады; тауарлардың аралас тасымалдарын логистикалық басқарудың ерекшелігі жария етіледі; саудадағы тәуекелдерді басқаруға логистикалық көзқарас қорытылады; сауда-саттықтағы тәуекелдерді басқаруға логистикалық көзқарас; ішкі жүк тасымалдарын реттеудің құқықтық аспектілері, сауда қызметін реттеудің қаржылық-құқықтық көздері талданады; сауда қызметін жүзеге асыруда логистикалық қызметті оңтайландыру бойынша практикалық дағдылар қалыптастырылады.


Самостоятельная запись (Студент)