Настройка зачисления на курс
Мәдениеттану" пәні төрт ғылыми оқу пәндерін қамтиды – әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану және психология. Олардың әрқайсысының қоғамның тыныс-тіршілігінің белгілі бір саласын, өзінің терминологиясын, сондай-ақ зерттеудің өзіндік әдістерін зерттеуге бағытталған өз пәні бар. Модуль пәндері арасындағы өзара іс-қимыл ақпараттық қосымша, интегративті, осы пәндердің зерттеу тәсілдерінің әдіснамалық тұтастығы, оқыту әдістемесінің ортақтығы принциптерінің негізінде жүзеге асырылады.
"Мәдениеттану" пәні мақсаты "болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту"мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу контексінде білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.
Пәннің міндеттері мынандай:
- негізгі әлеуметтанулық, саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру;
- қазіргі қоғамның және оның әлеуметтік институттарының жұмыс істеуінің негізгі принциптері туралы идеяларды қалыптастыру;
- заманауи қоғамның әлеуметтік мәселелерін сипаттау және талдау дағдыларын дамыту, әлеуметтік процестер мен механизмдердің мәнін өзара байланысын қалыптастыру;
- студенттердің әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игеру;
- әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық білімді кәсіптік қызметте пайдалану дағдыларын үйрету;
- сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану мүмкіндігі.
Сәлеметсіздер ме, құрметті тыңдаушы қауым!
"