Topic outline

  • Курс жайлы ақпарат

    Кәсіби бағытталған қазақ тілі  «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы студенттеріне арналған онлайн курсына қош келдіңіздер!

    Сіздердің біздің қатарымызға қосылғандарыңызға қуаныштымыз!

    Курстың  авторлары:

    Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің  қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушылары - аға оқытушы Хасен Мұрат Әбдірахманұлы,  

    филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Нығметова Нұргүл Тұрсынқызы,  

    педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Сағатова Гүлмира Қанатқызы.


    Курсты оқытудың мақсаты

    «Кәсіби-бағытталған қазақ тілі» пәні студенттерге  мамандық бойынша ақпараттық-танымдық мәтіндер негізіндегі лексикалық және грамматикалық бірліктерді меңгерту, тілдік  дағдыларын жетілдіру  туралы мақсат қояды. Кәсіби мәселелерді шешуге арналған өзіндік когнитивті лингвомәдениеттану кешендерін меңгеру.

    Курстың міндеттері

    Курстың міндеттері келесідей:

    -       мамандық бойынша ақпараттық-танымдық мәтіндер негізіндегі лексикалық және грамматикалық бірліктерді меңгерту;

    -       студенттердің ауызша және жазбаша кәсіби салада сөйлеу тәртібі мен мәдениетінің деңгейін көтеру;

    мамандық туралы энциклопедиялық және зияткерлік-мәдени мәліметтердегі деректермен студенттердің білімін толықтыру

    Курсты оқу нәтижелері

    Осы пәнді оқудың соңына қарай студент:

    Қарым-қатынастың әлеуметтік, кәсіби және ғылыми салаларында өзінің вербалды және бейвербалды тәртібін қалыптастырады; әлеуметтік факторлар мен кәсіби сипаттағы жағдайларға барабар түрлі тілдік және сөйлеу құралдарын қолданады; лексикалық-терминологиялық жеткілікті және грамматикалық әдептілікке сүйене отырып, кәсіби коммуникативтік актінің сөзін дұрыс рәсімдейді.

    Функционалдық мүмкіндіктер

    Кәсіби бағытталған қазақ тілі «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы студенттеріне арналған.  Құрал бір-бірімен өзара байланысты құрылымдық элементтерден тұрады. Оқулықтың құрылымы мынадай: 

    - Басты бет; 

    - Оқулық жайлы; 

    - Тыңдалым;

    - Практикалык сабақ тапсырмалары

    - Бейне материал;

    - Тест тапсырмалары

    «Басты бетте» «Кәсіби бағытталған қазақ тілі «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы студенттеріне арналған» оқу құралының мұқабасы бейнеленген. «Оқулық жайлы» бөлімде пәннің сипаттамасы, мақсаты мен міндеттері туралы айтылған. «Тындалым» бөлімінде мәтінге қатысты аудиоматериал берілген. «Тақырып. Грамматика» бөлімінде студенттерге лексиканы және сөз тіркестерін меңгерту үшін тапсырмалар берілген. «Лексикалық мәтін.Тапсырмалар» бөлімінде студенттердің өзіндік жұмыс жасауына арналған тапсырмалар берілген. «Бейне материалдар» мен «Тест» бөлімінде мәтінге қатысты бейне материалдар мен грамматикаға байланысты тест тапсырмалары берілген. Студенттер оқу құралындағы мәтіндерді пайдаланып, тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал ететін негізгі ақпараттарды алып, оларды баяндай, сипаттай және жинақтай ала білу дағдыларын қалыптастырады және дамытады.

      Оқуда табыс тілейміз!


  • Модуль 1

    1 САБАҚ

    Жер физикасы

  • Кәсіби қазақ тілдік терминология: Жердің ғарыштық қоршауы. Күн жүйесі. Планетааралық орта және Күн жүйесіндегі планеталар арасындағы байланыс.

    2 САБАҚ

  • Жердің даму сатылары бойынша арнайы кәсіптік мәлімет және оны кәсіби жағдайларда қолдану

    3 САБАҚ

  • Модуль 2


    4 САБАҚ

    Жер шары параметрлерін (Жерлің пішіні мен формасы, Жердің фигурасы, тығыздығы, қысымы, және ауырлық күшінің үдеуі) зерттеуде арнайы кәсіби-бағытталған материал

  • Жер қыртысы, оның құрылысы және құрамы туралы мазмұнды монологиялық баяндау

    5 САБАҚ

  • Арнайы кәсіби-бағытталған материал және оны жер қыртысының элементтерін зерттеуде пайдалану

    6 САБАҚ

  • 3 МОДУЛЬ

    7 САБАҚ

    Іздеу-барлау жұмыстар кезеңдері


  • СЕЙСМОЛОГИЯ САЛАСЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТЕРМИНОЛОГИЯ

    8 САБАҚ

  • Жер қойнауының терең қабаттарының құрамы , құрылысы және қасиеттері туралы монологиялық түсініктер

    9 САБАҚ

  • Модуль 4

    10 САБАҚ

    Жердің магниттік және электрлік өрістері

  • ЖЕРДІҢ ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТЕРМИНОЛОГИЯ

    11 САБАҚ

  • Жердің жылу өрісін жүйелі түрде зерттеуде қолданылатын базалық кәсіби түсінікті аппарат (жер қойнауындағы температурасы, жердің жылу өрісінің көздері. күн сәулесінің жер қойнауындағы температураға әсері)

    12 САБАҚ

  • Модуль 5

    Жерді ғарыштан зерттеуде пайдаланылатын терминдер

  • ЖЕРДІ ҒАРЫШТАН ЗЕРТТЕУДЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

  • Тропосфера, атмосфера, гидросфера және литосфера байланысы