Курстың мақсаты: «Компьютерлік графика» білім алушыға графикалық пакеттерді пайдалана отырып, бейнелерді құру және өңдеу принциптерін меңгеру.
Курстың міндеттері келесідей: графикалық стандарттар мен кітапханаларды қолдана отырып, растрлық және векторлық графиканың негізгі алгоритмдерін, негізгі заманауи графикалық жүйелерді, классификация мен негізгі графикалық жүйелерді оқып үйрену. Графикалық бейнелердің түрлері, графикалық файл форматтары, қазіргі графикалық редакторлардың мүмкіндіктері туралы білімді меңгеру. Кәсіби қызмет саласында есептерді шешу кезінде мәтіндік және графикалық редакторларды тиімді пайдалану және дизайнерлік жобалау процесінде компьютерлік графика құралдарын қолдану іскерліктерін қалыптастыру.



- Teacher: Айнур Сүлеймен