«Көмірлі және кенішті шахталарды жобалау» пәні «Тау-кен» білім беру бағдарламасы бейіндеуші пәндер  цикл құрамында болып, таңдау компонентіне  кіреді. Олар жерасты жұмыстарындағы қаіпсіздікті қамтамасыз ету және тау-кен қазбаларының құрылыс технологиясы бойынша білім алады. Басқа базалық, профилді пәндердің теориялық және тәжірибелік материалдардың сұрақтарын зерттеуі тау-кен ісі аймағында жоғары біліктілікті мамандарын дайындауға мүмкіншілік береді

Берілген пәнді зерделеудің мақсаты тік тау-кен қазбалардың құрылыс кезінде технологиялық үдірістерінің шамашарттарын дұрыс есептеу және таңдау; тау-кен өту жұмыстарын ұйымдастыру және кешенді механизациялау бойынша ғылыми-дәлелденген шешім қабылдау; жаңа технологияларды құру туралы, тау-кен өту машиналары мен кешендер туралы түсінік алу болып табылады.