Пәннің сипаттамасы

 «Жылыту және жылумен жабдықтау негіздері» пәні жоғары білім берудің базалық пәндер циклы   және 6В07112 -  «Жылу жүйелерінің инженериясы»  білім беру бағдарламасы  таңдау  компоненті  ретінде оқу жоспарына енгізілген.

  Пәнді оқытудың мақсаты

«Жылыту және жылумен жабдықтау негіздері» пәні қазіргі заманға сай заманауи жылыту қондырғылары мен жүйелерін жобалау және ұтымды пайдалануды ұйымдастыру саласында қазіргі заманғы техникалық ойлау мен кәсіби құзыреттілікке ие білікті мамандарды даярлауды мақсат қояды.

 Пәнннің міндеттері

Пәннің міндеттері келесідей:

- жылу энергиясы көздерінің жұмыс принциптері туралы түсіндіру;

- жылумен жабдықтау жүйелерінің жіктелуі мен сипаттамалары туралы оқыту;

- жылу желілерін пайдаланудың негізгі ережелері туралы оқыту;

- жылу тұтынушыларының негізгі сипаттамалары және олардың жұмыс режимдерін есептеу;

- жылу дайындау қондырғыларының жұмыс істеу принципі және сипаттамасын білу;

- жылу пункттері жабдықтарының құрылғысы және есебін есептеу;

- жылу беруді реттеу әдістерін оқыту;

- жылу желілерінің құрылыс және механикалық конструкцияларын ажыратуды;

- жылу желілерін трассалау және төсеу тәсілдерін оқыту;

- жылу желілерін гидравликалық және жылу есептеу әдістемесін білу.

  Пәнді оқу нәтижелері

Осы пәнді оқығаннан   кейін студент:

 Өтілген тақырыптарға талдау, синтездеу және жобалау қабілеттерін көрсетуі қажет. сонымен қатар шығындарды есептей алуы керек.

Жылумен жабдықтау жүйелерін жобалау негіздерін білу.

 Жылу желілерін гидравликалық есептеу әдістемесін.

Қолданылатын жабдықтар және олардың конструкцияларын білуі керек.

 Теориялық білім мен дағдыларды практикада қолдану қажет.

 Жылумен жабдықтау жүйелерін жобалаудың көрсеткіштерін анықтау әдістерін қолдануы керек.

 Жылу желілері үшін есептеулер жүргізеді.

 Жылумен жабдықтау жүйелеріне заманауи технологиялық жабдықты пайдалануды білуі керек.

Жылумен жабдықтау жүйесін, жылумен жабдықтаудың ұтымды сұлбасын, жылу тасымалдағыштың түрлері мен параметрлерін таңдай алу керек.

 Жылу желілерінің гидравликалық және жылу есептерін шеше алу керек.