Бұл курс философиялық көзқарастың тарихи типтерін, дүниені танып-білудің және оның жалпы теориялық-әдістемелік қағидаларын негіздеп береді. Философияның негізгі ұғымдарын қамтиды, олардың тарихи дамуын және әртүрлі мәдениеттерде теориялық қолданылуын зерттейді. Сонымен бірге, философия мен өзге нақты ғылымдар арасындағы тығыз байланысын көрсете отырып, табиғат пен қоғам дамуының неғұрлым жалпы заңдары мен категориялары баяндалады. Ерте уақыттағы философиялық көзқарастар мен қазіргі уақыттағы өзекті деп саналатын философиялық мәселелер қарастырылады.
Курс келесі негізгі тақырыптарды қамтиды:
- ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ. ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСІ
- САНА, РУХ ЖӘНЕ ТІЛ
- БОЛМЫС. ОНТОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕТАФИЗИКА
- БІЛІМ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
- БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
- АДАМ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ӘЛЕМІ
- ӨМІР ЖӘНЕ ӨЛІМ. ӨМІРДІҢ МӘНІ
- ЭТИКА. ҚҰНДЫЛЫҚТАР ФИЛОСОФИЯСЫ
- ЕРКІНДІК ФИЛОСОФИЯСЫ
- ӨНЕР ФИЛОСОФИЯСЫ
Бұл курс жаңа инновациялық және кредиттік оқыту, білім беру бағдарламасына сәйкес жазылып, студенттерге арналған.


- Учитель: Маржан Толеуова