Пәнді оқытудың мақсаты

Онлайн курс: «Энергия тиімділігі және энергия үнемдеу негіздері» мақсаты - электр энергетикасы саласындағы болашақ мамандарды электр жабдықтарын орнату, техникалық қызмет көрсету және пайдалану дағдыларымен қамтамасыз ету. Пән электр қондырғыларын монтаждау принциптерін, олардың жұмыс істеу қағидаларын және ақауларды анықтау мен жөндеу әдістерін үйретеді. Сонымен қатар, жасанды және табиғи жарықтандыру жүйелерін жобалау, есептеу және энергия үнемдейтін технологияларды қолдану мәселелері қарастырылады. Бұл пән электр энергетикасы саласында жоғары білікті мамандар даярлауға ықпал етеді.

«Электр жабдықтары мен электр жарығын тасымалдау, монтаждау» - онлайн курсы 6В07109 «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын жоғары оқу орындарының бакалаврлары үшін базалық пәндер циклін таңдау компоненті болып табылады.