Саясаттану  курсына қош келдіңіз! Сіз бізге қосылғаныңызға қуаныштымыз. Курс аясында сіз жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұйымдастыруға арналған әлеуметтік-саяси білімдер модулінің құрамдас бөлігі бола отырып, кез келген білімді адамға саясаттың табиғаты, оның негізгі категориялары, заңдары мен заңдылықтары туралы, саяси мінез-құлық нормалары және саяси шындық пен саяси құндылықтар жайында қажетті ұғымдарды  оқуды үйренесіз. Саясаттану курсын оқуда сәттілік тілейміз!

Бұл курс саясаттануды ғылым және оқу пәні ретінде тереңдетіп оқытуға арналған. Курс келесі негізгі тақырыптарды қамтиды:

  • Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясаттың рөлі мен маңызы.
  • Саяси ғылымның қалыптасу және даму кезеңдері.
  • Саяси биліктің мәні және оны жүзеге асыру механизмдері.
  • Саяси элиталар және көшбасшылық.
  • Қоғамның саяси жүйесі, мемлекеттік институттар және саяси режимдер.
  • Саяси партиялар, партиялық жүйелер және қоғамдық-саяси қозғалыстар.
  • Сайлау жүйелері және сайлау үдерісі.
  • Саяси мәдениет және идеология.
  • Саяси сана және оның қоғамға әсері.
  • Саяси даму және модернизация.
  • Саяси қақтығыстар мен дағдарыстар.
  • Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар.

Бұл курс студенттерге саясаттанудың негізгі қағидаларын түсінуге, саяси үдерістердің негіздерін үйренуге және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар мен саяси тенденциялар туралы білім алуға көмектеседі.