Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі (енді үйренушілерге тез және оңай) курсы "Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті" КЕАҚ Күміс университетінің білім беру бағдарламаларының тізіміне енген. Қазақ тілінде сөйлеуге қажетті сөз тіркестерін қолдану практикасы, күнделікті өмірде өз ойын толық жеткізе білуге бағытталған. Қазақ тілін меңгеру барысында тіл үйренудің жаңа форматына және қалыптастыруына бағытталған әлеуметтік-мәдени білім, коммуникативтік құзыреттілікті жетілдіру, білім алушының жеке әлеуетін дамытуға назар аударылады.
Қазақ тілінде дыбыстардың айтылуын, жазылуын, сөздік қорын толықтыруды, дұрыс айтылуын үйрету. Сөйлеу стилі - тілдің негізгі қызметі қарым-қатынас жасау қызметінің жүзеге асуына байланысты. Бұл өте кең таралған функционалды стиль. Тұрмыста, отбасыда, өндірістегі бейресми қатынастарда адамдардың еркін қарым-қатынас жасау саласын қамтамасыз етеді. Ауызекі сөйлеу стилі өте функционалды стильдерге, әсіресе олардың ауызекі түрлеріне ықпал жасайды: баяндама, дәріс, пікірталас т.б.


- Учитель: Карлыгаш Нуржанова