«Алгоритмдер және деректер құрылымы» курсы деректердің негізгі құрылымдары және оларды C/C++ программалау тілдерінде практикалық жүзеге асыру бойынша теориялық материалдар ұсынылған. Деректер құрылымдарының классификациясы, деректер құрылымдарын өңдеудің негізгі алгоритмдері, оның ішінде элементтерді құру және жою, сұрыптау және іздеу, сонымен қатар, C/C++ программалау тілдерінде жүзеге асырылуымен қарастырылған.
Курста күрделі деректер құрылымдарын жобалау және құрудың негізгі принциптері мен стандартты шешімдерін ұсынады, олардың қажеттілігі әртүрлі практикалық мәселелерді шешу кезінде туындайды. Ұсынылған материалдар деректерді өңдеудің негізгі алгоритмдерін қолдануда практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік береді.
“Алгоритмдер және деректер құрылымы” курсы құралын 6В061 "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", 7М06102 "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" дайындық бағытындағы магистранттар және бакалавриат студенттері қолдана алады, сондай-ақ, деректер құрылымдары мен оларды өңдеу алгоритмдерін зерттейтін және пайдаланатын басқа мамандықтардың студенттеріне, оқытушыларға ұсынуға болады.

- Teacher: Жулдыз Сайлаукызы