ЖАОК "Органикалық заттардың химиялық технологиясы" білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған "Мұнай өнімдерінің сараптамасы"пәнін оқуға арналған.
«Мұнай өнімдерінің сараптамасы» пәні студенттер пәннің теориялық негіздері бойынша, одан әрі инженерлік-техникалық қызметте қолдана отырып оқиды. Курсты оқу студенттердің мұнай өнімдерін талдаудың заманауи жетістіктері туралы білімдерін қалыптастыруды мақсат етеді.
Пәннің міндеттері келесідей:
Мұнай және мұнай өнімдерінің теориялық негіздерін зерттеу, студентті әртүрлі мұнай өнімдерінің сапалық құрамы мен сандық құрамын анықтауға үйрету, аналитикалық эксперимент жүргізу дағдыларын игеру.
Курс дәріс материалынан, зертханалық жұмыстардан, тест жұмыстарынан тұрады. Қорытынды есеп беру нысаны-емтихан тапсыру.


- Teacher: А.А. Жорабек