«Экономикадағы математика» онлайн курсына қош келдіңіздер!

Сіз, біздің курсымызға қосылғаныңызға қуаныштымыз.

Сізге сәттілік тілейміз!

" Экономикадағы математика " пәні бойынша жаппай ашық онлайн курсы – барлық экономикалық мамандықтары бойынша білім алатын  білім алушыларға арналған.

Курс туралы:

«Экономикадағы математика» пәні базалық пәндер цикліне кіреді. Математика  инженерлік-техникалық зерттеулерде өте маңызды орын алады. Пәнді оқу математикалық интуицияны және логикалық ойлауды дамытады, сонымен қоса математикалық мәдениеттілікке баулиды.

Бұл курс математика ғылымының жалпы теориялық аспектілерінен құралады: «Сызықтық алгебра», «Векторлық алгебра», «Жазықтықтағы және кеңістіктегі аналитикалық геометрия», «Математикалық талдауға кіріспе», «Бір айнымалы функцияның  дифференциалдық есептеуі», «Бір айнымалы функцияның интегралдық есептеуі» бөлімдерінің анықтамаларынан, формулаларынан, теоремаларынан және әртүрлі есептерді шешу болып табылады.

 Курс авторлары:

Тулеутаева Жанар Мұқатайқызы – PhD, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қауымдастырылған профессоры, «Математикалық талдау және дифференциалдық теңдеулер» кафедрасының меңгерушісі;

Шаихова Гүлназира Серікқызы –техника ғылымдарының кандидаты, «Жоғары математика» кафедрасының доценті міндетін атқарушы.

 Не үйренеміз : 

- негізгі математикалық анықтамалар мен ұғымдарды білу;

- математикалық ұғымдар мен олардың арасындағы байланысты және олардың айырмашылықтарын түсіну.

- ақпараттық процестердің математикалық үлгілерін талдауда аналитикалық әдістерді қолдану;

- қазіргі ақпараттық жүйелерді жобалау есептерін шешуде теориялық және қолданбалы зерттеулердің математикалық әдістерін қолдану.

 Курс келесі модульдерден тұрады: 

«Сызықтық алгебра»

«Векторлық алгебра»

«Жазықтықтағы және кеңістіктегі аналитикалық геометрия»

«Математикалық талдауға кіріспе»

«Бір айнымалы функцияның  дифференциалдық есептеуі»

«Бір айнымалы функцияның интегралдық есептеуі»

 Мақсатты аудитория

Жоғары оқу орындарының студенттері, бакалаврлар, магистранттар және математикаға қызығушылық танытқандар.

 Оқыту нәтижесінде тыңдаушы:

- негізгі математикалық анықтамалар мен ұғымдарды білу;

- математикалық ұғымдар мен олардың арасындағы байланысты және олардың айырмашылықтарын түсіну.

- ақпараттық процестердің математикалық үлгілерін талдауда аналитикалық әдістерді қолдану;

- қазіргі ақпараттық жүйелерді жобалау есептерін шешуде теориялық және қолданбалы зерттеулердің математикалық әдістерін қолдану.

 Пәнді оқыту нәтижелері:

1.   Жалпы кәсіптік және арнайы білімдерге сүйене отырып, объектілер мен өндірістік процестерді талдай, жобалай алады;

2.   Математикалық ұғымдарды түсіну және олардың арасындағы тәуелділік пен олардың айырмашылықтарын түсінеді;

3.   Жағдайдың математикалық моделін құру, оны талдау және түрлендіру, алынған нәтижелерді түсіндіреді;

4.   Теориялық және қолданбалы зерттеудің математикалық әдістерін қолданады;

7.   Математика курсының әртүрлі бөлімдерінен білімді интегралдайды.