ПЕТРОГРАФИЯ тау жыныстарын зерттеуші ғылым. Бұл термин
гректің “петро” – тас, “графо” – жазу деген сөздерінен шыққан.
Тау жынысыдеп геологиялық үрдісте пайда болып, жер
қыртысында жеке дене құратын белгілі бір құрамды, құрылысты табиғи
минералдар агрегатын айтады. Тау жыныстарына рудалар жатпайды.
Петрография геологиялық ғылымдардың жеке саласы болып
ХІХ-ғасырдың 30-жылдары қалыптаса бастады. Тау жыныстардың
бірінші жүйесін К. Линней жасады. Бұл кезеңде тау жыныстары туралы
ілімді дамытуға М.В.Ломоносов үлкен еңбек қосты. Ол өзінің “Жер
қабаттары туралы” деген жұмысында көмір, мұнай, шөгінді
жыныстардың қалыптасуы жөнінде дұрыс ұғымдар айта білді.
- Teacher: Айгуль Кенетаева