Көлік қауіпсіздігі және техникалық пайдалану ережелері жалпыға ашық онлайн курсы оқырман назарына ұсынылып отыр.
Курстың сипаттамасы. «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасының «Көлік қауіпсіздігі және техникалық пайдалану ережелері» пәні базалық пәндер циклының жоғары оқу орны компонентіне кіреді.
Курс оқытудың мақсаты. «Көлік қауіпсіздігі және техникалық пайдалану ережелері» пәні студенттерді негізгі заңды актілерімен таныстырып, тасымалға қатысушылардың қарым – қатынасын реттеп, келісім шарттарды және тасымал құжаттарын толтырып үйрену мақсатын алға қояды.
Курс міндеттері. Курстың міндеттері келесідей:
- студенттерді қауіпсіздік теориясының негіздерімен, теміржол көлігі жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігі арасындағы арақатынаспен, қозғалыс қауіпсіздігінің көрсеткіштерімен, теміржол көлігінің құрылғылары мен жылжымалы құрамын техникалық пайдалану қағидаларымен, қозғалыс және маневрлік жұмыс қауіпсіздігінің бұзушылықтарын сыныптаумен таныстыру;
- жол берілетін қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтарды (ҚҚБ) жіктеу тәртібін, теміржол көлігінің әртүрлі шаруашылықтарында ҚҚБ тудыратын себептерді, ТПЕ талаптары мен нормаларын айқындау;
- барлық өндірістік процестерде темір жолдардың апатсыз жұмысын қамтамасыз ететін темір жолдардың техникалық құралдарын орнату, күтіп ұстау және пайдалану мәселелері бойынша нұсқаулықтар мен басқа да құжаттарды қолдану.
Курсты оқу нәтижелері. Осы курсты оқығаннан кейін тыңдарман:
1 Теміржол және өнеркәсіп көлігінде ұйымдастыру-технологиялық қызметті жүзеге асыру;
2 Инновациялық және зияткерлік жүйелерді қолдана отырып, тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды үйрену;
3 Темір жол және өнеркәсіп кәсіпорындарында орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыруды үйренеді;
4 Көлік құралдары мен интеллектуалды жүйелерді пайдалануды ұйымдастырады.
- Учитель: А.Р. Кенжекеева