"Экономика негіздері және кәсіпкерлік" пәні жалпы білім беретін пәндер цикліне, таңдау компонентіне кіреді. Пән нарықтық экономиканың тұжырымдамасы мен құралдарына сүйене отырып, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүргізудің ғылыми және заңнамалық негіздерінің негізін құрайды. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: кәсіпкерлік: мәні, негізгі түрлері мен нысандары; кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнес-жоспарлау, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.
Пәннің міндеттері келесідей:
- кәсіпкерліктің теориялық және әдістемелік негіздерін меңгеру;
- кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және оның тиімділігін бағалау мәселелерін зерделеу;
- кәсіпкерлікті дамытуды реттеу мен қолдаудың мемлекеттік тетігін пайдалану.
- Teacher: Айман Абдикаримова