"Бағдарламалау технологиялары" пәні студенттердің заманауи бағдарламалау тілдері, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу әдістері мен құралдары, перспективалық бағдарламалау технологиялары туралы жүйелі білімдерін қалыптастыруды мақсат етіп қояды.


           Курстың міндеттері:

  • тілдер мен бағдарламалау технологияларының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы түсінік беру;
  • көпфункционалды қосымшаларды тиімді әзірлеуге ықпал ететін қолданыстағы алгоритмдер мен құралдарды әзірлеу және іске асыру дағдыларын дамыту;
  • бағдарламалық қосымшаларды жобалау принциптерін, модельдерін және әдістерін зерттеу.