Сәлеметсіздер ме құрметті курс тыңдаушылары!
«Геология негіздері» пәні бойынша жаппай ашық онлайн курсына қош келдіңіздер!
«Геология негіздері» пәні әртүрлі пайдалы қазбалар, тау жыныстары мен минералдар әлемінің қалыптасу көзі ретінде жер және жер қыртысы туралы теориялық және практикалық білімдер кешенін студенттерге оқып үйренуге және игеруге, сонымен қатар Жердің ең көне кезеңдерден бастап қазіргі заманға дейінгі дамуын зерттеуде геологиялық білім береді.
«Геология негіздері» пәні базалық пәндер цикліне енеді таңдау бойынша компоненті болып табылады.
Осы пәнді оқығаннан кейін білім алушы:
- проекциялық сызбаны құрастыру үшін есептер шығаруда практикалық дағдыларды қолдана алады;
- конструкторлық есептерді шешу кезінде олардың бейнелерінен қарапайым фигуралардың геометриялық пішіндерін анықтай алады;
- тау жыныстарының қасиеттерін ескере отырып, тау-кен жабдықтарының ең ұтымды жұмыс режимдерін және оның параметрлерін таңдай алады.
Курстың құрылымы:
1 Курс туралы ақпарат;
2 Кіріспе;
3 Проморолик;
4 Дәрістер;
6 Зертханалық жұмыстар;
8 Глоссарий;
10 Әдебиеттер.
Оқуларыңызға сәттілік тілейміз!
- Teacher: Света Иманбаева