“CAD/CAM/CAE негіздері" пәні бейіндеуші пәндер цикліне (таңдау компоненті) кіреді және студенттердің машина жасаудағы өндірістік процестерді автоматтандыру саласындағы білімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Курсты оқыту мақсаты: “CAD/CAM/CAE негіздері" пәні студенттердің дүниетанымын кеңейтуге және машина жасаудағы жоғары тиімді автоматтандырылған өндірістік процестерді ұйымдастыруға қажетті арнайы білім мен дағдылар кешенін алуды мақсат етіп қояды.
Осы пәнді оқу нәтижесінде студенттерде:
- автоматтандырылған өндіріс жағдайында бөлшектерді дайындаудан және машиналарды құрастырудан оңтайлы технологиялық процестерді әзірлеу және ұйымдастыру;
- заманауи автоматика және есептеу техникасы құралдарының көмегімен өндірістік процестерді басқару;
- жұмыс істеп тұрғанын талдаумен және жаңасын құрумен, сондай-ақ қолданыстағы автоматтандырылған машина жасау өндірісін кеңейтумен, реконструкциялаумен және техникалық қайта жарақтандырумен байланысты инженерлік міндеттерді шешу үшін есептеу техникасы құралдарын қолдану;
- машина жасау өндірісінің автоматтандырылған технологиялық процестері мен технологиялық жабдықтау құралдарын жобалау;
- автоматтандырылған машина жасау өндірістерінің жабдықтары мен технологиялық жабдықтау құралдарының пайдалану мүмкіндіктерін бағалау сияқты практикалық дағдыларды игереді.
- Учитель: Medgat Mussayev