«Тау-кен жыныстарын қопарумен бұзу» пәнінде жерасты пайдалы қазбаларын қазып алуда және жерасты тау-кен қазбаларын өтуде, сондай-ақ жер үстінде аттырма жұмыстарын жүргізудің жұмыстарын ұйымдастыруда технология негіздерін студенттерге үйретудің мақсаты қойылған.
Курс 5 бөлімнен, әр бөлім 6 дәрістен тұрады.
Пәннің міндеттері мынадай:
- бұрғылау-жару кешенінің негізгі параметрлерін есептеу және оларды өндірістік жағдайда іске асыру дағдыларын меңгеру;
- тау-кен кәсіпорындарында жарылыс жұмыстарын жүргізу техникасы мен технологиясының қауіпсіздік ережелерін зерделеу;
- тау-кен өнеркәсібінде қолданылатын өнеркәсіптік жарылғыш заттардың (ЖЗ) қасиеттері мен қолдану саласын; ЖЗ зарядтарын жару құралдары мен тәсілдерін; - теспелер мен Ұңғымаларды бұрғылау тәсілдерін зерттеу;
- ортадағы жарылыс заңдылықтарын меңгеру;
- тау жыныстарын жарылыспен ұсатуды реттеу әдістерін; тау-кен қазбаларын жүргізу кезінде және пайдалы қазбаларды жерасты өндіру кезінде жер бетінде жару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктерін; жыныстың габаритті емес кесектерін жару ұсақтау әдістерін зерттеу бойынша білім қалыптастыру.
Осы пәнді оқу нәтижесінде студенттер:
- стехиометриялық жарылғыш заттардың рецептурасын таңдау;
- ЖЗ негізгі есептік сипаттамаларын анықтау;
- тау-кен жыныстарын қопарумен бұзуның параметрлерін есептеу саласында; Тау-кен жыныстарын қопарумен бұзуның паспортын құрастыруда; анықтамалық әдебиетті пайдалануда; жарылғыш заттар мен жару құралдарын негіздеу және таңдау кезінде практикалық дағдыларды меңгеру
- Teacher: Болатхан Хусан