Ашық онлайн курстың сипаттамасы
«Күштік түрлендіру құрылғылары» курсы 6В07101 «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша оқитын жоғарғы оқу орнының бакалаврларына арналған базалық пәндердің таңдау бойынша компонент циклына кіреді.
Ашық онлайн курстың мақсаты
«Күштік түрлендіру құрылғылары» курсы есептеу теориясының негіздері және күштік түрлендіру құрылғыларын жобалаумен таныстыру мақсатын алға қояды.
Ашық онлайн курстың міндеттері
Курстың міндеттері мынадай: маман иесінің білім негізін қалау, жоғары математикалық әдептілік пен практикалық дағды, өндірістік істі табысты ту үшін жеткілікті және оған жаңа қажет білімді дербес меңгеруге мүмкіндік беру және программалау аймағында жетстіктер мен инженерлік есептерді шешу.
Берілген пәнді оқу нәтижесінде студенттер міндетті:
- түрлендіргіш техникасының даму тарихы туралы;
- түрлендіргіш техникасының өңдеуіндегі негізгі қиыншылықтары мен пайдалануы туралы түсінікке ие болуға;
- түрлендіргіштің күш беретін бөлігінің элементтерінің және СНГ-де сериямен шығарылатын электр энергиялық тиристорлық түрлендіргіштердің техникалық сипаттамалары туралы.
- күш беретін түрлендіргіш құрылғыларының сұлбасының құрылу принциптері мен оны басқару жүйесін, басқарылатын түрлендіргіштердің жұмыс тәртібін, түрлендіргіштің күш беретін бөлігінің элементтерінің техникалық сипаттамаларын, әр типті түрленгіштердің эксплуатациялық сипттамаларын, теориялық негіздерін, есептеу әдістері мен электр энергиялық тиристорлық түрлендіргіштерді жобалауың білуге;
- әр типті түрлендіргіштердің күш беретін бөлігінің элементтерінің негізгі параметрлерінің есептеуін орындау және анықтамалық әдебиетті қолдану арқылы оларды таңдауды жүзеге асыруың істей білуге;
- есептеу мен күш беретін түрлендіргіш құрылғыларын конструкциялауың практикалық дағдыларды меңгеруге.
- Teacher: Гульмира Нурмагамбетова