Қайырлы күн, құрметті тыңдаушылар.

«Өндірістегі еңбекті қорғау» курсы еңбекті қорғауды ұйымдастыру принциптерін, кәсіпорындағы еңбекті қорғау қызметінің негізгі міндеттері мен функцияларын, оларды іске асырудың әдістері мен тәсілдерін, жұмыс орындарындағы қауіпсіздік техникасын, жеке қорғану құралдары мен өрт қауіпсіздігін, төтенше жағдау кезінде халық пен өндірістік персоналды қорғау тәсілдерін, қазіргі заманғы техникалық құралдарды пайдалану есебінен адамның өмірі мен денсаулығын сақтауды зерделейді.

 

Курстың міндеттері:

- тыңдаушыларды Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерімен таныстыру;

- тыңдаушыларда "адам-мекендеу ортасы" жүйесінде еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі басқару жүйесінің теориялық негіздері туралы түсінік қалыптастыру»;

- түрлі жұмыстарды жүргізу кезінде тыңдаушыларда ықтимал қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, өндірістік жарақаттану және кәсіби аурулар туралы және құрылыс объектілерінде олармен күресудің әдістері мен құралдары туралы түсінік қалыптастыру;

- тыңдаушыларда өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды есепке алу, тексеру, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу және еңбектің қауіпсіз тәсілдеріне оқыту тәртібі туралы нақты түсініктерді қалыптастыру;

- тыңдаушылардың өндірістік орта параметрлерін бақылау үшін өлшеу құралдарының әртүрлі түрлерімен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын дамыту, олардың құрылғысымен және жұмыс принципімен таныстыру;

- тыңдаушыларды өндірістік объектідегі персоналдың өрт және электр-қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету ережелерімен таныстыру;

- экономика объектілерінің тұрақты жұмыс істеуі үшін қажетті теориялық білімді қалыптастыру және практикалық дағдылардың көлемін беру, болжамдау және халықты және өндірістік персоналды ықтимал авариялардан, апаттардан, дүлей зілзалалардан қорғау, сондай-ақ олардың салдарларын жою бойынша сауатты шешімдер қабылдау.

 

Курс теориялық материалдан (бейне дәрістер), зертханалық жұмыстардан, тест тапсырмаларынан және глоссарийден тұрады.

 

 Білімді бақылау қорытынды тестілеу түрінде ұсынылған.