Пәннің сипаттамасы 

«Материалтану және перспективті материалдар технологиясы» пәні 7М07102 «Материалтану және жаңа материалдар технологиялары»  мамандығы бойынша магистрлар даярлау мемлекеттік  жалпыға міндетті  білім  беру стандарттарына сәйкес жоғарғы оқу орны компоненті негізгі пәндер цикліне енеді.            

 Пәнді оқытудың мақсаты 

«Материалтану және перспективті материалдар технологиясы» пәннің мақсаты: магистрлердің жаңа металл материалдардың қазіргі жағдайы туралы білімдер кешенін игеруі, оларды дамыту перспективасымен танысу және осы салалардағы перспективті инновационных идеяларды жүзеге  асыру құралдары мен негізгі ұғымдарды беру және бұл озық идеяларды өнеркәсіппен интеграциялауға үйрету, жобалау және сапаны бақылау әдістерімен таныстырып үйрету.

 Пәннің міндеттері 

- жаңа металдық материалдардың теориялық негіздерін зерттеу;

- материалдардың әртүрлі сыныптарының қажетті физикалық қасиеттерін қалыптас - тыруды зерттеу;

- жаңа перспективалық материалдардың қасиеттерін талдауға ғылыми көзқарас қалыптастыру.