«Көлікте тиеу-түсіру жұмыстарының технологиялық процесі мен қоймалық операциялар» пәнді оқыту кезінде келесі негізгі тақырыптар мен сұрақтарды қарастырады:

- көліктік-жүктік жүйемен таныстыру, біркелкі өсу технологиясы және темір жолдағы тасымалдау жүйесінің жүкті тиеу-түсірудің ғылыми ұйымдастыру, озық технологиялармен және теміржол көлігіндегі жүк тиеу-түсіру жұмыстарын шұғыл ұйымдастыру;

- заманауи тиеу-түсіру машиналарын, автоматтандыру жабдықтары мен құралдарын қарастыру;

- тиеу-түсіру жұмыстары мен қойма операцияларының сипаттамасы мен ұйымдастырылуын, олардың тасымалдау процесіндегі маңыздылығы;

- жүктердің негізігі түріне, сипатына, физикалық қасиетіне сай тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы және механикаларымен таныстыру.

Ал практикалық сабақта келесі тапсырмалар орындалады:

- Жүк тиеу-түсіру машиналарын ұйымдастыру және сараптама сапасынан өткізу.

- Жүккөтергіш машиналарын статикалық және динамикалық сынақтан өткізу. Тиеу-түсіру машиналарының үздіксіз қимыл өнімділігін есептеу.

 - Тиеу–түсіру машиналарының рационалды түрлерін таңдау және оның қолданылуының тиімділігін бағалау.

 - Тиегіштердің тиімді қозғалыс жылдамдығын анықтау.Қоймалардың типін талдап алу. Қоймалардың өлшемдерінің анықтаудың негізгі есептері.