7М07302 Құрылыс мамандығына арналған МООК авторы Курымбаева С.К.
Пәнді оқытудың мақсаты:
«Жоғары мектеп педагогикасы» пәні жоғары білім беретін оқытушының кәсіби-педагогикалық мәдениетін, оқытушының білімін дамытудың жалпы әдістемелік принциптері мен басым стратегияларын, педагогикалық шеберлігін өзін-өзі жетілдіру дағдыларын және студенттердің кәсіби және тұлғалық өзін-өзі дамытуын ұйымдастыруды меңгеруге бағытталған.
Пәннің міндеттері:
- ЖОО оқытушысының
педагогикалық іс-әрекетінің мәні, мамандарды кәсіби даярлаудың құрылымы мен
мазмұны, ЖОО-дағы тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру заңдылықтары,
принциптері туралы білімдер жүйесін меңгеру;
- педагогикалық әдістерді, оқыту технологияларын қолдану дағдыларын; педагогикалық процестің өзара әрекеттесуін және басқару құралдарын меңгеру;
- педагогикалық қызметтегі тәуекелдерді азайтудың оңтайлы әдістерін табу үшін қазіргі жоғары білім мен педагогика ғылымының өзекті мәселелерін анықтау дағдыларын меңгеру.
- Teacher: С.К. Курымбаева